«Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 498-НҚ бұйрығы
«Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 498-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржалық тауарлардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін Биржалық тауарлар тізбесінің реттік нөмірі 4-жолын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрінің
2021 жылғы 13 тамыздағы
№ 498-НҚ бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
Демо – версия документа