(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СУ ОБЪЕКТІЛЕРІН ЖӘНЕ АУЫЗ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ КӨЗДЕРІН ...

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СУ ОБЪЕКТІЛЕРІН ЖӘНЕ АУЫЗ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ КӨЗДЕРІН ...

Су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимін бекіту туралы туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің м.а. 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 14-1/549 бұйрығы

 

Осы редакция 2020 жылғы 6 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Қ.А.Мейрембеков) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Е.Толыбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2011 жылғы 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Министрдің м.а.

Е. Аман

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2011 жылғы 28 қыркүйектегі

№ 14-1/549 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану

режимі

 

1. Осы Су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимі (бұдан әрі - Пайдалану режимі) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. Пайдалану режимі экономика салалары мен қоршаған ортаның мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылатын, су объектілерінен және ауыз сумен жабдықтау көздерінен су алу көлемінің, сондай-ақ, олардың деңгейі мен шығыстарының уақытқа қарай өзгеруін реттеу мақсатында бекітіледі.

3. Пайдалану режимі арнайы су пайдалануға арналған рұқсатнамада көрсетілген су ресурстарының көлемін есепке ала отырып белгіленеді.

4. Су пайдаланушы ағынды реттеу үшін арнайы су пайдалануға арналған рұқсатнама алғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің бассейндік су шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі - Өңірлік орган) су қоймасының Пайдалану режимін келісімге ұсынады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку