(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «НОТАРИАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛ ДӘРЕЖЕСІН БА...
Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 4-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мына:
1) нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) мемлекеттік нотариустардың қызметін тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарды тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар) қызметін тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 649 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 833 бірлескен бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12698 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 2016 жылғы 12 қаңтарда жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Редакция документа
Демо – версия документа