(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.10.04 № 341 ҚАУЛЫСЫ
Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 Қаулысы
(2015.10.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкiметiнiң 2015.10.12. № 988 Қаулысымен (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкiметiнiң 2015.10.12. № 988 Қаулысымен (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 125 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 15, 270-құжат);
Редакция документа
Демо – версия документа