«Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 168 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 16 тамыздағы № 239 бұйрығы (күші жойылды)
«Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 168 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 16 тамыздағы № 239 бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 192-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық архив қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17249 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2-7) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық архив қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
белгімен толықтырылсын:
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы».
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Документ утратил силу
Демо – версия документа