(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕР ЖОБАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ ҚАҒИДАЛАРЫН ...
Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығы
(2021.18.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2021.18.11. № 1192 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 64-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Т.М. Савельева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр | Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е.Досаев
2014 жылғы 11 қараша
ҚР Қаржы министрінің 2017.21.08. № 507 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 31 қазандағы
№ 470 бұйрығымен бекітілді
Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2021.18.11. № 1192 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (бұдан әрi – Кодекс) сәйкес әзiрлендi және жергiлiктi бюджеттердің жобаларын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа