(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНЫН ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРА...
Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығы
(2018.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2016.22.11. № 609 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 23-2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Біліктілік емтиханын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Премьер-Министрі Орынбасарының -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 28 сәуірдегі
№ 191 бұйрығымен
бекітілген
Біліктілік емтиханын өткізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2016.22.11. № 609 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бұл Біліктілік емтиханын өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабы 23-2)-тармақшасына сәйкес әзірленген және біліктілік емтиханын өткізу тәртібін айқындайды.
ҚР Қаржы министрінің 2018.07.06. № 585 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа