(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАҚЫЛАУ-КАССА МАШИНАЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛ...
Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығы
(2021.26.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2020.01.06. № 554 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабының 8-тармағына, 167-бабының 6-тармағына, 170-бабының 2-тармағына, 171-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.24.02. № 192 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын тіркеу карточкасының нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қолма-қол ақшаны есепке алу кітабының нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тауар чегі кітабының нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тауар чегінің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ фискалдық деректер операторының оларды мемлекеттік кірістер органдарына беру қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес фискалдық деректер операторының деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру қағидалары бекітілсін.
Редакция документа
Демо – версия документа