(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.25.04 № 440 ҚАУЛЫСЫ

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.25.04 № 440 ҚАУЛЫСЫ

Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды
сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 440 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 25 сәуірдегі

№ 440 қаулысымен

бекітілген

 

 

Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны

жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 14) тармақшасының талаптарына және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарына сәйкес әзірленген.

2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жүзеге асыратын тұлғаларға азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және сертификат беру тәртібін (бұдан әрі - Сертификат) белгілейді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку