«Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 6 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 6 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы 11 қаңтардағы

 № 6 қаулысымен бекітілген

 

 

«Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

 

«Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) мына мекенжай бойынша ұсынады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-64.

2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтiк паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 7 қыркүйектегi № 150 Жарлығына (бұдан әрi - Жарлық) сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттiк қызмет және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру бланкілерінің үлгілері Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсындағы «Консулдық мәселелер» бөлімінде және Министрліктің ақпараттық стенділерінде орналастырылады.

5. Қазақстан Республикасының қызметтік паспортын (бұдан әрi - паспорт) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес оны алуға құқығы бар адамға беру немесе паспорт беруден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылатын мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттiк қызмет мынадай заңды тұлғаларға (бұдан әрi - мемлекеттік қызметті алушы):

1) мемлекеттiк кәсiпорындарға, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарына, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, ұлттық басқарушы холдингтерге;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку