(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.26.02 № 140 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.26.02 № 140 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2011 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 26 ақпандағы

№ 140 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру тәртібін айқындайды.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100-116-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулылары негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет 1, 2-қосымшаларға сәйкес Астана қаласының білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі - білім бөлімдері), сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы көрсетіледі.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны 4-қосымшаға сәйкес қорғаншылық пен қамқоршылық жөнінде анықтама беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімі:

білім бөліміне өтініш білдірген кезде:

1) құжаттарды қарау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды;

2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 40 минуттан аспайды;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку