«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 30 шілдедегі № 363 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 30 шілдедегі № 363 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы |
М. Мырзағалиев |
Энергетика министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 30 шілдедегі
№ 363 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші
жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының
тізбесі
Демо – версия документа