«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 Қаулысы (2025.07.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 Қаулысы
(2025.07.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Үкіметінің
2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ 268 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2024.07.10. № 826 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2022.15.09. № 699 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2025.07.06. № 415 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімінде:
Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі, төрағаның орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары»;
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрі», «Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі» деген жолдар алып тасталсын;
Демо – версия документа