(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ САЛАСЫНДА ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУҒА ЛИЦ...

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ САЛАСЫНДА ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУҒА ЛИЦ...

Осы редакция 2017 жылғы 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 555 бұйрығына

 1-қосымша

 

 

«Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2017.24.04. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi портал арқылы жүгінген сәттен бастап:

1) лицензияны беру - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

2) қайта ресімделген лицензияны беру - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісін анықтаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия, лицензияны қайта ресімдеу (бұдан әрі - лицензия), не осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайда және негіздерде дәлелді бас тарту.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесінің нысаны - электрондық.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку