«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аквашаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен, электр энергетикасы және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 12 маусымдағы № 194-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аквашаруашылық, агроөнеркәсіптік
кешен, электр энергетикасы және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын
қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 10-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлік «мемлекеттік корпорациясы» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қызметіне елді мекендердің жерлерін қоспағанда, жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау жатады.»;
2) 12-баптың 38) тармақшасы «балық шаруашылықтары» деген сөздерден кейін «, аквашаруашылық» деген сөзбен толықтырылсын;
3) 43-1-баптың 10-тармағында:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жер учаскесін аквашаруашылық жүргізу үшін беруді қоспағанда, конкурстық ұсыныста:»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аквашаруашылық жүргізуге арналған конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, аквашаруашылық объектілерін өсіру көлемі, аквашаруашылық жүргізуге арналған тиісті инфрақұрылым мен жабдықтың, аквашаруашылық саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
2) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының және Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.»;
4) 44-бап мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Бағалы ауыл шаруашылығы алқаптарын беруге тыйым салынады, оларға аквашаруашылық жүргізуге арналған суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлері, егістік, тыңайған жерлер және көпжылдық екпелер алып жатқан жерлер жатады.»;
5) 48-баптың 1-тармағының 5-3) тармақшасындағы «балық шаруашылығын» деген сөздер «балық шаруашылығы мен аквашаруашылықты» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 49-2-баптың 1-тармағы «балық шаруашылығын» деген сөздерден кейін «, аквашаруашылықты» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармағының 7) тармақшасы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
7) 81-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыру мақсатында жер учаскесі берілген жер қойнауын пайдалану құқығының тоқтатылуы.»;
8) 92-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Балық өсіру бассейндерін қоспағанда, балық өсіру тоғанын, балық өсіру объектісін, аквашаруашылықты жүргізуге байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де құрылысжайлар мен конструкцияларды салуға арналған жер учаскесі оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада немесе эскиздік жобада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, мұндай жер учаскесі осы Кодекстің 94-бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.
Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемеге сәйкес балық өсіру бассейнін орналастыруға арналған жер учаскесі оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жыл ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, мұндай жер учаскесі осы Кодекстің 94-бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.»;
9) 102-баптың 2-тармағында:
екінші бөлік «құрылыстар тұрғызу» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасына сәйкес балық өсіру бассейнін орналастыру» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік «және» деген сөзден кейін «балық өсіру бассейндерін пайдаланатын аквашаруашылық өнімін қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 105-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) балық өсіру бассейндерін орналастыру, балық өсіру тоғандарын, балық өсіру объектілерін, аквашаруашылықты жүргізуге байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де құрылысжайлар мен конструкцияларды салу;»;
11) 135-баптағы «балық, аңшылық шаруашылықтарының қажеттері» деген сөздер «аңшылық, балық шаруашылықтарының, аквашаруашылықтың мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 152-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «іздестіру жұмыстары» деген сөздер «жұмыстар» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 153-баптың 1-тармағында:
2) тармақша «, ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің ысырабын айқындауды, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын дайындауды, бүлінген және тозған жерлердің сапалық жай-күйін қалпына келтіру жөніндегі жобалау-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, елді мекендердің жерлерін қоспағанда, жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды қамтитын, жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалауды» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшада:
«мыналарды:» деген сөзден кейін «елді мекендердің» деген сөздермен толықтырылсын;
«; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісіндегі ысырапты анықтауды» деген сөздер алып тасталсын;
10) тармақшадағы «нөмірлер беруді;» деген сөздер «нөмірлер беруді қамтиды.» деген сөздермен ауыстырылып, 11) тармақша алып тасталсын.
2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:
1) 24-баптың 4-1) тармақшасы «балық шаруашылығын» деген сөздерден кейін «және балық өсіруді» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 31-баптың 1-2-тармағының 3) тармақшасы «балық шаруашылығын» деген сөздерден кейін «және балық өсіруді» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 88-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы «балық шаруашылығын» деген сөздерден кейін «және балық өсіруді» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 102-2-баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтары «балық шаруашылығын» деген сөздерден кейін «және балық өсіруді» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 138-бап мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) аквашаруашылық саласында;»;
2) 236-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы «балық шаруашылығына» деген сөздер «балық шаруашылығы мен аквашаруашылыққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «жасанды түрде балық өсіру» деген сөздер «аквашаруашылық» деген сөзбен ауыстырылсын.
4. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
4-тармағының 1) тармақшасы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
1) 171-баптың 6) тармақшасындағы «орган - тұтас республика бойынша, ал оның» деген сөздер «орган мен балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган құзыреттері шегінде - тұтас республика бойынша, ал олардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 235-баптың 2-тармағындағы «балық, аңшылық шаруашылықтардың мұқтаждықтары» деген сөздер «аңшылық, балық шаруашылықтарының, аквашаруашылықтың мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармағының 3) тармақшасы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
3) 241-баптың 5-тармағында:
«Биоәртүрлілік» деген сөз «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесінің биоәртүрлілігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының биоәртүрлілігі шығынының орнын толтыруды орындау тәртібін балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
4) 245-баптың 5-тармағында:
«жануарлардың» деген сөзден кейін «және аквашаруашылық объектілерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«балық және аңшылық шаруашылық» деген сөздер «аңшылық және балық шаруашылықтарының, сондай-ақ аквашаруашылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармағының 5) - 11) тармақшалары 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
5) 248-баптың 3-тармағы «мемлекеттік органның» деген сөздерден кейін «және (немесе) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 249-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік «аумағында» деген сөзден кейін «балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға биологиялық негіздеме негізінде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында жол беріледі.»;
7) 250-бапта:
бірінші бөлікте:
«әкелуге», «әкетуге» деген сөздер тиісінше «импорттауға», «экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жататын» деген сөзден кейін «, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына жататын балық ресурстары мен басқа да су жануарларын Қазақстан Республикасына импорттауға және Қазақстан Республикасынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілетін рұқсат бойынша жол беріледі.»;
8) 251-баптың 3-тармағындағы «жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөздер «өз құзыреттері шегінде уәкілетті мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 252-баптың 3-тармағында:
«белгілеген» деген сөз «бекіткен» деген сөзбен ауыстырылсын;
«мемлекеттік орган» деген сөздерден кейін «мен балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 253-баптың 1-тармағы «мемлекеттік орган» деген сөздерден кейін «мен балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган өз құзыреттері шегінде» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 254-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктегі «Жануарлардың» деген сөз «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Балық ресурстарының және басқа да су жануарларының санын реттеу қағидаларын балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
4-тармағының 12) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
12) 255-бапта:
7) тармақша «мемлекеттік органдарға» деген сөздерден кейін «, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу кезінде осы баптың бірінші бөлігінің 1), 6) және 7) тармақшаларында көзделген экологиялық талаптар сақталуы қажет.»;
4-тармағының 13) - 17) тармақшалары 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
13) 257-бапта:
2-тармақ:
«мемлекеттік органға» деген сөздерден кейін «және (немесе) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен толықтырылсын;
«мемлекеттік орган» деген сөздерден кейін «мен балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган өз құзыреттері шегінде» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ «мемлекеттік органның» деген сөздерден кейін «немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 258-бапта:
1-тармақ «мемлекеттік орган» деген сөздерден кейін «мен балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган өз құзыреттері шегінде» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «органның» деген сөз «орган мен балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның өз құзыреттері шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 259-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасы «органның» деген сөзден кейін «немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың екінші бөлігіндегі «жасалған мәміле туралы хабарлама» деген сөздер «немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға жасалған мәміле туралы хабарламаны олардың құзыреттері шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 269-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «мемлекеттік органмен» деген сөздерден кейін «және балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 278-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Кеме қатынасы режимі жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, балық шаруашылығы, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша белгіленеді.»;
18) 279-баптың 4-тармағындағы «балық аулау мен» деген сөздер «балық аулауға, балық өсіруге және» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 365-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігі «балық аулау,» деген сөздерден кейін «аквашаруашылық,» деген сөзбен толықтырылсын;
4-тармағының 20) тармақшасының бірінші абзацы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
20) 398-бапта:
2-тармақ «кәсіпшілігі,» деген сөзден кейін «балық өсіру,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармағының 20) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтары 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақтың төртінші бөлігінің бірінші абзацы «және пайдалану,» деген сөздерден кейін «балық шаруашылығы,» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ «және пайдалану,» деген сөздерден кейін «балық шаруашылығы,» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақтың 2) тармақшасы «және пайдалану,» деген сөздерден кейін «балық шаруашылығы,» деген сөздермен толықтырылсын.
5-тармақ 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
5. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:
«инвестициялық тариф бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы тұтынушыларының тізбесіне енгізілген электр энергиясын көтерме тұтынушылар (өнеркәсіптік объектілер);».
6-тармақ 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
6. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
11-1) тармақша «резервтік қорын» деген сөздерден кейін «және жемдік қорды» деген сөздермен толықтырылсын;
14-2) тармақшадағы «және өткізуге» деген сөздер «, өткізуге және айырбастауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшадағы «жануарлар мен құс» деген сөздер «ауыл шаруашылығы жануарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 20-1) және 20-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-1) жемдік қор - жаңа егінге дейінгі маусымаралық кезеңде ауыл шаруашылығы жануарларының, сондай-ақ құрама-жем өндірісін жүзеге асыратын кәсіпорындардың жемдік астыққа қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын астық қоры;
20-2) жемдік қорды басқару - астық нарығы жөніндегі оператордың жемдік астықты бюджет қаражаты есебінен астық қабылдау кәсіпорындарында сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жемдік астықты сатып алуға, өткізуге және айырбастауға бағытталған қызметі;»;
2) 3-бап 10) тармақшасындағы «қамтамасыз ету болып табылады.» деген сөздер «қамтамасыз ету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) жемдік қорды сақтап тұруды қамтамасыз ету болып табылады.»;
3) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:
«4-4) жемдік қорды сақтау бойынша шығыстарды өтеу;»;
4) 6-бап мынадай мазмұндағы 32-8) және 32-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-8) жемдік қорды басқару жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
32-9) астық нарығы жөніндегі операторға жемдік қорды сақтау шығыстарын өтеу;»;
5) 6-4-бапта:
5) тармақшадағы «және жемдік қорларды» деген сөздер «қорды» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) астықтың резервтік қорын айырбастауды жүзеге асырады;
8) жемдік қорды айырбастауды жүзеге асырады;
9) жемдік қорды қалыптастыруға қатысады және оны сақтап тұруды қамтамасыз етеді.».
7. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
60-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) бір тоғанның су бетінің алаңы 0,15 гектардан аспайтын балық өсіру тоғанын орнатуды; су қорғау белдеулерінде балық өсіру объектілерін салуды; аквашаруашылық жүргізу үшін басқа да объектілерді (контейнермен, блокпен және модульмен орындалатын ықшам кешендер, құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылатын құрылысжайлар) орнатуды;».
8-тармақ 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
8. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) инвестициялық тариф - осы Заңда көзделген тәртіппен айқындалған, іске асырылуы 2023 жылғы 1 шілдеге дейін басталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық міндеттемелерді жабу үшін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алуға арналған сағаттық тариф;»;
2) 3-1-баптың 2-тармағындағы «Ұлттық басқарушы холдингке», «ұлттық басқарушы холдингке» деген сөздер тиісінше «Ұлттық әл-ауқат қорына», «Ұлттық әл-ауқат қорына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-бапта:
1-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-5) инвестициялық тариф бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының тұтынушылары (бұдан әрі - инвестициялық тарифті алушылар) тізбесін бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 1-6) және 3) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-6) инвестициялық тарифті қалыптастыру және ұсыну мерзімдерін белгілеу тәртібін айқындайды;»;
«3) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
4) 10-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда жүйелік оператордың электр энергиясын сатып алу-сату шарты негізінде дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алу-сатуды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асыруына да құқығы бар.»;
5) 12-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электр энергиясына шекті тарифті айқындау кезінде дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алуға байланысты шығындар есепке алынбайды.»;
6) 13-бапта:
3-1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның осы Заңның 10-бабының 2-2-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ осы баптың 16-тармағында көрсетілген жағдайларда электр энергиясын сатуды жүзеге асыруына құқығы бар.»;
3-2-тармақтың 2) тармақшасындағы «басқа» деген сөз «егер осы баптың 16-тармағында өзгеше көзделмесе, басқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-2-тармақтың бірінші бөлігі «тұтынушылар» деген сөзден кейін «, оның ішінде инвестициялық тарифті алушылар» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
«16. Дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйым дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын басқа энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алу-сату шарты негізінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен электр энергиясын сатып алуға құқылы.»;
7) 19-1-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) инвестициялық тарифті алушыларға инвестициялық тариф бойынша электр энергиясын сатады;»;
5-тармақта:
1) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте:
жүйелік операторға қуатты автоматты түрде реттеу бойынша қызметтер көрсететін энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын сатудан шарттық көлемнің (реттеу диапазонының) шамасына босатылады;
дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйымдарға осы Заңның 13-бабының 16-тармағына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес электр энергиясын сатуды жүзеге асыруға құқылы;»;
7) тармақша «әкімшілері» деген сөзден кейін «, инвестициялық тарифті алушылар» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:
«18) электр энергиясын көтерме тұтынушылар (өнеркәсіптік объектілер) инвестициялық тарифті алу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, өтінім береді. Өтінімді қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық тарифті беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, электр энергиясын көтерме тұтынушылар (өнеркәсіптік объектілер) инвестициялық тарифті алушылар тізбесіне енгізіледі. Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық тарифті алушылар тізбесін қалыптастыру және инвестициялық тарифті белгілеу кезінде іске асырылуы 2023 жылғы 1 шілдеге дейін басталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық міндеттемелерді орындау мерзімінен аспайтын және жиынтығында өндірістік объект пайдалануға берілген кезден бастап он жылдан аспайтын инвестициялық тарифті беру мерзімін айқындау мақсатында осы тұтынушылар кірістілігінің нормасын ескереді;
19) инвестициялық тариф тиісті тұтынушы желілеріне қосылған энергия өндіруші ұйымның шекті тарифі бойынша электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындардың, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатудың жалпы көлеміндегі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тиісті тұтынушының сатып алу үлесі ескеріле отырып, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының импорттық электр энергиясын сатып алуға және жаңартылатын энергия көздерін қолдауға жұмсаған шығындарының үлесі сомасының инвестициялық тарифті алушының тұтыну көлеміне арақатынасы ретінде айқындалады;
20) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен дивидендтер төленгенге дейін инвестициялық тарифтің қолданылу кезеңінде қызмет нәтижесінде алынған пайда туралы ақпарат бере отырып, инвестициялық тарифті нысаналы пайдалану фактісін анықтау үшін инвестициялық тарифті алушылар Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жыл сайынғы негізде Қазақстан Республикасының Үкіметіне аудиторлық есепті және қаржы-шаруашылық қызметті талдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ұсынуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Аудиторлық есепті және қаржы-шаруашылық қызметті талдауды ұсынбау, сондай-ақ инвестициялық тарифті нысаналы мақсатта пайдаланбауды анықтау фактісі инвестициялық тарифті берудің күшін жою және инвестициялық тарифті алушыны инвестициялық тарифті алушылар тізбесінен алып тастау үшін негіз болып табылады.
Инвестициялық тарифті қолдану нәтижесінде инвестициялық тарифті алушының шығындарын, оның ішінде инвестициялық міндеттемелерді жабу үшін жеткілікті пайда алынған жағдайда, инвестициялық тарифті алушылар электр энергиясын бірыңғай сатып алушының бағасы мен инвестициялық тарифтің айырмасы мөлшерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен есептелетін пайда болған артық кірістен түскен қаражатты электр энергиясын бірыңғай сатып алушының пайдасына қайтаруды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда инвестициялық тарифті алушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен инвестициялық тарифті тұтыну шылар тізбесінен шығарылады.
Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы алынған қаражатты тұтынушылар үшін электр энергиясына тарифті төмендетуге жұмсайды.»;
Документ не введен в действие