«Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығы
Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 85-бабы 2-тармағына, Құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу Қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын
3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 9 маусымдағы
№ 120-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 85-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу тәртiбiн айқындайды.
Демо – версия документа