(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАҒАЛАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ БЕЛГІЛЕНГЕН МҰНАЙ ӨНІ...
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 184 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 21 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабы 21-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрі | В. Школьник |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
М. Құсайынов
2014 жылғы 8 желтоқсанда
энергетика Министрінің
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 184 бұйрығымен
бекітілген
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін
бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын айқындау
қағидалары
Редакция документа
Демо – версия документа