(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.25.11 № 1257 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 2 шілдедегі № 760 және «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 1257 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 760 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45 ,606-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасында:
3-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;
1-тармақтың 1) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.»;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа