(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2005.27.12. № 441 БҰЙРЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқығы
субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұлттық компаниялар мен
ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының
бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік
қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық
қызметтерінің жоспарларын әзірлеу және беру ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 441 Бұйрығы
Осы редакция 2008 жылғы 31 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұлттық компаниялар мен ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметтерінің жоспарларын әзірлеу және беру ережесі бекітілсін.
2. Республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұлттық компаниялар мен ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметтерінің 2006-2008 жылдарға арналған жоспарларын 2006 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей осы бұйрықтың талаптарына сәйкестендіруді қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа