Прайс-лист
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 24 маусымдағы № 196-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 24 маусымдағы № 196-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау,

электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

44-1-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі «аумақтық бөлімшелерімен» деген сөздер «аумақтық органдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:

65-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«65-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың орман қорын күзетуге қатысуы

Орман өрттерін сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызметті, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тарту тəртібін уəкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органмен бірлесіп бекітетін төтенше жағдайға ден қою кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды басқару жəне олардың өзара іс-қимылы алгоритмімен белгіленеді.».

3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:

41-бапта:

бірінші бөліктің 4) тармақшасы «органдардың» деген сөзден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөлік «əскери қызметтен,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен,» деген сөздермен толықтырылсын.

4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне:

4-тармағының 1) - 3) тармақшалары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

1) 82-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 11) тармақшасындағы «реттеуге қолданылмайды.» деген сөздер «реттеуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мəселелерді реттеуге қолданылмайды.»;

2) 129-баптың 12-тармағының 9) тармақшасындағы «бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.» деген сөздер «бақылау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

«10) өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.»;

3) 144-4-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы «өнеркəсіптік қауіпсіздік талаптарын,» деген сөздер алып тасталсын;

4-тармағының 4) тармақшасы 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

4) 234-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «объектілері» деген сөзден кейін «жəне олар алып жатқан жер учаскелері» деген сөздермен толықтырылсын.

5. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:

5-тармағының 1) тармақшасы 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

1) 22-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «хабардар етуге міндетті.» деген сөздер «хабардар етуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) өзін дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттердің алдын алу жəне сөндіру жөніндегі іс-шараларды орындауға ерікті өрт сөндіруші ретінде тартқаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға міндетті.»;

2) 57-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы «арнаулы мемлекеттік органдарға» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарына» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармағының 3) - 5) тармақшалары 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

3) 65-баптың 4-тармағының 6) тармақшасындағы «болған кезеңде шығарылмайды.» деген сөздер «болған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) жұмыскер дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттердің алдын алу жəне сөндіру жөніндегі іс-шараларда ерікті өрт сөндіруші ретінде болған кезеңде шығарылмайды.»;

4) 66-баптың 3-тармағының 9) тармақшасындағы «болу кезеңінде тоқтатыла тұрады.» деген сөздер «болу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

«10) жұмыскердің дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттердің алдын алу жəне сөндіру жөніндегі іс-шараларда ерікті өрт сөндіруші ретінде болу кезеңінде тоқтатыла тұрады.»;

5) мынадай мазмұндағы 124-2-баппен толықтырылсын:

«124-2-бап. Дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттердің алдын алу жəне сөндіру жөніндегі іс-шараларға ерікті өрт сөндірушілер ретінде қатысатын жұмыскерлерге арналған кепілдіктер

Дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттердің алдын алу жəне сөндіру жөніндегі іс-шараларға ерікті өрт сөндіруші ретінде қатысатын жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) жəне орташа жалақысы сақталады.»;

6) 138-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «құқық қорғау органдарының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

7) 144-бап «құқық қорғау органдары» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;

8) 159-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «құқық қорғау органдарының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

9) 186-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «əскерилендірілген жəне өзге де мамандандырылған» деген сөздер алып тасталсын;

10) 187-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «органның» деген сөз «орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 188-бапта:

5-тармақтағы «органның» деген сөз «орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармақтың 1) тармақшасы «саласындағы мемлекеттік» деген сөздерден кейін «бақылау жəне» деген сөздермен толықтырылсын;

12) 190-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «саласындағы мемлекеттік» деген сөздерден кейін «бақылау жəне» деген сөздермен толықтырылсын.

6. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:

203-бапта:

2-тармақтың 1) тармақшасындағы «ведомствосы аумақтық бөлімшесінің» деген сөздер «аумақтық органының» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы «ведомствосы аумақтық бөлімшесінің» деген сөздер «аумақтық органының» деген сөздермен ауыстырылсын.

7. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:

1) 1-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы «құқық қорғау органдарының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 11-бапта:

1-тармақтың 11) тармақшасы «құқық қорғау органдарында» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарында» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақта:

1) тармақшадағы «құқық қорғау органдары» деген сөздер «құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақша:

«құқық қорғау органдарында» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарында» деген сөздермен толықтырылсын;

«құқық қорғау органдарымен» деген сөздерден кейін «жəне азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органмен» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 139-бапта:

тақырып «құқық қорғау органдарының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

1-тармақ «құқық қорғау органдарының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақ «құқық қорғау органдарының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 140-бапта:

1-тармақ «құқық қорғау органдарында» деген сөздерден кейін «, «азаматтық қорғау органдарында деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақта:

бірінші абзац «құқық қорғау органдарында» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарында» деген сөздермен толықтырылсын;

1) тармақша «құқық қорғау органдарындағы» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

2) тармақша «құқық қорғау органдарындағы» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

4) тармақша «құқық қорғау органдарына» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарына» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақтың үшінші бөлігі «құқық қорғау органдары» деген сөздерден кейін «, «азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақ «құқық қорғау органдарындағы,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарындағы,» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 159-баптың 3-тармағы «құқық қорғау органдарындағы» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

6) 161-баптың 5-тармағы «құқық қорғау органдарындағы» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

7) 186-бапта:

1-тармақтың 4) тармақшасы «арнаулы мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақ «əскери қызметтен,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен,» деген сөздермен толықтырылсын;

8) 195-баптың бірінші бөлігі 3) тармақшасының төртінші абзацы «құқық қорғау органдарының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

9) 208-баптың 5-тармағы «арнаулы мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

10) 227-баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасы «арнаулы мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

11) 247-бапта:

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында көзделген, жұмылдыру резервінің дəрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау жəне жаңарту мен номенклатура өзгерген жəне кəдеге жаратылған немесе жойылған жағдайларда броньнан шығару тəртібімен оларды шығару.»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген тəртіппен жұмылдыру резервінің дəрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беруді, сақтауды жəне шығаруды бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.».

8. 2023 жылғы 20 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Əлеуметтік кодексіне:

1) 1-баптың 1-тармағы 77) тармақшасының үшінші абзацы «құқық қорғау органдарының,», «құқық қорғау органдарындағы,» деген сөздерден кейін тиісінше «азаматтық қорғау органдарының,», «азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 11-бапта:

11) тармақша «құқық қорғау органдары,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдары,» деген сөздермен толықтырылсын;

12) тармақша «құқық қорғау органдарындағы» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 12-баптың 4) тармақшасының жетінші абзацы «құқық қорғау органдары,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдары,» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 16-баптың 5) тармақшасы «құқық қорғау органдары» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 97-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы «арнаулы мемлекеттік органдарында» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарында» деген сөздермен толықтырылсын;

6) 100-баптың 1-тармағының бірінші абзацы «құқық қорғау органдары» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;

7) 103-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «құқық қорғау органдары» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;

8) 145-бапта:

1-тармақтың 4) тармақшасы «арнаулы мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақ «əскери қызметтен,» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен» деген сөздермен толықтырылсын;

9) 176-баптың 1-тармағының 4) жəне 5) тармақшаларындағы «ішкі істер органдары» деген сөздер «ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 198-баптың 3) тармақшасы «құқық қорғау органдарының,», «құқық қорғау органдарындағы» деген сөздерден кейін тиісінше «азаматтық қорғау органдарының,», «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

11) 204-баптың 3-тармағының 8) тармақшасы «құқық қорғау органдарының,», «құқық қорғау органдарындағы,» деген сөздерден кейін тиісінше «азаматтық қорғау органдарының,», «азаматтық қорғау органдарындағы,» деген сөздермен толықтырылсын;

12) 205-баптың 2) тармақшасы «құқық қорғау органдарының,», «құқық қорғау органдарындағы» деген сөздерден кейін тиісінше «азаматтық қорғау органдарының,», «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

13) 206-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасы «құқық қорғау органдарындағы,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарындағы,» деген сөздермен толықтырылсын;

14) 208-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «құқық қорғау органдарындағы,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарындағы,» деген сөздермен толықтырылсын;

15) 212-бапта:

1-тармақта:

қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді, орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді;

1) тармақша «құқық қорғау органдарындағы» деген өздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

2) жəне 3) тармақшалар «құқық қорғау органдарындағы», «құқық қорғау органы», «құқық қорғау органдарындағы,», «құқық қорғау органдарында», «құқық қорғау органдары,» деген сөздерден кейін тиісінше «, азаматтық қорғау органдарындағы», «, азаматтық қорғау органы», «азаматтық қорғау органдарындағы,», «, азаматтық қорғау органдарында», «азаматтық қорғау органдары,» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақта:

1) тармақша «құқық қорғау органдарындағы» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

2) жəне 3) тармақшалар «құқық қорғау органдарында», «құқық қорғау органы», «құқық қорғау органдарындағы» деген сөздерден кейін тиісінше «, азаматтық қорғау органдарында», «, азаматтық қорғау органы», «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақ «құқық қорғау органдарындағы» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақ «құқық қорғау органдары,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдары,» деген сөздермен толықтырылсын;

5, 6 жəне 9-тармақтар «құқық қорғау органдарының,», «құқық қорғау органдарындағы», «құқық қорғау органдары,» деген сөздерден кейін тиісінше «азаматтық қорғау органдарының,», «, азаматтық қорғау органдарындағы», «азаматтық қорғау органдары,» деген сөздермен толықтырылсын;

16) 213-бапта:

1-тармақта:

бірінші бөлік «құқық қорғау органдарының,», «құқық қорғау органдарындағы» деген сөздерден кейін тиісінше «азаматтық қорғау органдарының,», «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөлік «құқық қорғау органдарындағы» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақ жəне 3-тармақтың бірінші бөлігі «құқық қорғау органдарының,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақ «құқық қорғау органдарындағы» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақ «құқық қорғау органдары», «құқық қорғау органдарындағы» деген сөздерден кейін тиісінше «, азаматтық қорғау органдары», «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

17) 214-бапта:

бірінші бөлік «құқық қорғау органдары,», «құқық қорғау органдарындағы» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдары,», «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

төртінші бөлік «құқық қорғау органдары,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдары,» деген сөздермен толықтырылсын;

18) 215-бап «құқық қорғау органдары,», «құқық қорғау органдарындағы» деген сөздерден кейін тиісінше «азаматтық қорғау органдары,», «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

19) 236-баптың 5-тармағы «ішкі істер органдары» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;

20) 245-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «құқық қорғау органдары» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;

21) 248-бапта:

3-тармақтың 3) тармақшасы «құқық қорғау органдарының,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы «құқық қорғау органдарының,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақтың үшінші бөлігінің 3) тармақшасы «құқық қорғау органдарының,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын.

9. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

1) 5-баптың 19-тармағының үшінші бөлігіндегі «органының аумақтық бөлімшелерін» деген сөздер «органның аумақтық органдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

30-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының алтыншы абзацы «құқық қорғау органдарының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 168-баптың 12-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы «құқық қорғау органдарының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын.

10. 2025 жылғы 9 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне:

1) 18-баптың 2-тармағының 15) тармақшасындағы «орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне» деген сөздер «органның аумақтық органдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 79-баптың 1-тармағындағы «орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен» деген сөздер «органның аумақтық органдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 85-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі «орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен» деген сөздер «органның аумақтық органымен» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 126-баптың 2-тармағындағы «орган ведомствосының аумақтық бөлімшелермен» деген сөздер «органның аумақтық органымен» деген сөздермен ауыстырылсын.

11-тармақ 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

11. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:

22-1-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«22-1-бап Көлікті беру міндеті»;

екінші бөліктегі «осы бапта» деген сөз «осы баптың бірінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жеке жəне заңды тұлғалардың табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жəне олардың салдарын жою үшін көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін қоспағанда) беруі, сондай-ақ көлікті пайдаланғаны үшін шығыстарды өтеу, осы баптың бірінші жəне екінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жүзеге асырылады.».

12. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

бүкіл мəтін бойынша «прокуратура,» «прокуратура» деген сөздерден кейін тиісінше «азаматтық қорғау,», «, азаматтық қорғау» деген сөздермен толықтырылсын.

13. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

13-тармақтың 1) - 2) тармақшалары 2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

1) 1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы «ішкі істер органдарының,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 2-бапта:

21) тармақша «құқық қорғау органдары» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдары,» деген сөздермен толықтырылсын;

44-4) тармақша «ішкі істер органдарының,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 10-2-баптың 10-19) тармақшасындағы «, өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы əлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы бойынша» деген сөздер «əлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 10-9-баптың 1-тармағында:

бірінші бөліктегі «, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы əлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі бақылау жəне қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау жəне қадағалау» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Елді мекендер шекаралары шегінде өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы əлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау жəне қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау жəне қадағалау тұрғын үй инспекциясы лауазымды адамдарының «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес тексерулер жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.»;

13-тармақтың 5) - 17) тармақшалары 2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

5) 13-бапта:

1-тармақтың үшінші бөлігі «ішкі істер органдары,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдары,» деген сөздермен толықтырылсын;

7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің аумағында орналасқан;»;

8-тармақта:

7-1) тармақша «ішкі істер органы» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органы» деген сөздермен толықтырылсын;

10) тармақша «ішкі істер органдарының» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

6) 67-баптың 6-тармағы «ішкі істер органдары», «ішкі істер органдарының» деген сөздерден кейін тиісінше «, азаматтық қорғау органдары», «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

7) 101-баптың 4-тармағында:

бірінші жəне екінші бөліктер «мемлекеттік органдардың», «мемлекеттік органдардағы» деген сөздерден кейін тиісінше «, азаматтық қорғау органдарының», «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

үшінші бөлік «мемлекеттік органдардағы» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

8) 13-1-тараудың тақырыбы «ішкі істер органдарының,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;

9) 101-3-бапта:

тақырып «мемлекеттік органдардың,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;»;

1-тармақта:

бірінші бөлікте:

бірінші абзац «мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

1) тармақшаның екінші бөлігі «ішкі істер органдарының,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөлік «ішкі істер органдарының,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органының,» деген сөздермен толықтырылсын;

үшінші бөлік «ішкі істер органы,», «ішкі істер органының,» деген сөздерден кейін тиісінше «азаматтық қорғау органы,», «азаматтық қорғау органының,» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақ «ішкі істер органдарының,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақтың бірінші абзацы «ішкі істер органдарының,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғау органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;

Документ не введен в действие

Документ находится в стадии обработки

Укажите название закладки

Создать новую папку