Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 14 МАУСЫМДАҒЫ № 647 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi

жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2002 ж. 14 маусымдағы N 647 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. N 1184; 01.07.04 ж. N 723

қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 15 қарашадағы N 1201 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Бұрынғы ред. қара

ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. N 723 қаулысымен тақырыбына және мәтiнiне өзгерістер енгізілді (бұр.ред. қара)

Орта мерзімді және бюджеттiк жоспарлау процестерiн үйлестiрудi, орталық, жергiлiктi атқарушы және өзге мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын қалыптастыру жөнiндегi өзара iс-қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.

ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. N 723 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдерi Ережеге сәйкес облыстардың, Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының алдағы және кейiнгi кезеңдерге арналған орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.

3. Ұлттық компаниялар:

1) үстiмiздегi жылдың 15 маусымына дейiн 2002 жылға арналған Даму жоспарларын Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзудi;

2) бұрын бекiтiлген 2002 жылға арналған даму жоспарларын Ережеге сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн.

4. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 наурыздағы N 432 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 жыл, N 17, 170-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку