Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1996 Ж. 3 МАМЫРДАҒЫ № 553 ҚАУЛЫСЫ

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық

мемлекеттiк комиссия туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы

3 мамырдағы N 553 қаулысы

(ҚР Үкiметiнiң 20.03.98 ж. N 242; 28.04.98 ж. N 390; 05.05.00 ж. N 671;

07.11.03 ж. N 1112;02.02.04 ж. N 123 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2005 ж. 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Төтенше жағдайларда алдын алу мен iс-қимыл жасаудың мемлекеттiк жүйесiн одан әрi жетiлдiру, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң халықты және аумақтарды авариялардан, апаттар мен зiлзала нәубеттерiнен қорғау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерi жөнiндегi iс-қимылын үйлестiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк Комиссия құрылсын.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк Комиссия министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың, ғылыми, қоғамдық бiрлестiктердiң авариялардың, апаттар мен зiлзала нәубеттерiнiң алдын алу және жою мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн консультациялық-кеңесшi орган болып табылады деп белгiленсiн.

ҚР Үкіметінiң 28.04.98 ж. N 390 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді

2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк Комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

ҚР Үкіметінiң 05.05.00 ж. N 671 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді

3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмi облыстық (қалалық, аудандық) Төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялар құрып, оларға басшылық етудi өздерiнiң орынбасарларына, ал ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку