Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 07.06.01 Ж. № 767 ҚАУЛЫСЫ

Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 7 маусымдағы N 767 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. N 35 қаулысымен

енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Бұрынғы редакцияларды қара

"Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңына, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесі бекітілсін.

2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде:

реттік нөмірі 11-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі";

Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізбесінде:

І бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 24-жолмен толықтырылсын:

"24. Медициналық және дәрігерлік қызметпен айналысу".

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2001 жылғы 7 маусымдағы

N 767 қаулысымен

бекітілген

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку