(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1998 Ж. 26 ТАМЫЗДАҒЫ № 803 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы
полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің
қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген
жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 26
тамыздағы N 803 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755; 11.06.02 ж. N 632; 16.07.02 ж. N 789;
05.03.04 ж. N 277 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 3 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755; 05.03.04 ж. N 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тақырып өзгертілді
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755; 05.03.04 ж. N 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылары тағайындау мен оны төлеудің ережесі бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 26 тамыздағы
Редакция документа
Демо – версия документа