ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 9 СӘУРДЕГІ № 398 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі N 398 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 тамыздағы N 891 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Азаматтардың ақпараттық қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру, телерадио хабарларын таратудың бүкіл инфрақұрылымын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі қаңтарда және шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы Бағдарламаның іске асырылу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Г.А.Марченкоға жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 9 сәуірдегі N 398 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Телерадио хабарларын тарату саласы
проблемаларының қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары
және іске асыру тетігі
6. Қажетті ресурстар және оларды
қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
8. Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын дамытудың
2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын
таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған
бағдарламасы
Iске асыру 2004-2006 жылдар
мерзiмi
Бағдарламаның Бағдарламаның негiзгi мақсаты - Қазақстан
мақсаты Республикасы азаматтарының, мемлекеттiк билiк,
жергiлiктi басқару органдарының, ұйымдары мен
Демо – версия документа