(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 5 НАУРЫЗДАҒЫ № 280 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң кейбiр
республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үікметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 280 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Iргелi зерттеулердiң басым бағыттарының ғылыми-техникалық әлеуетiн шоғырландыру және елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiн шешуде iргелi ғылымның үлесiн ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары оларды қосу жолымен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары (бұдан әрi - Кәсiпорындар) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi құрылатын Кәсiпорындардың мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) құрылатын Кәсiпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2) құрылатын Кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Құрылатын Кәсiпорындарға 2-қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарын құруға рұқсат етiлсiн.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
Демо – версия документа