Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 26 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 979 ҚАУЛЫСЫ

"Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi" шаруашылық

жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 979

қаулысы

Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi жоғары бiлiмдi мамандарды даярлау және қайта даярлау болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, "Абай атындағы Алматы университетi" ашық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - Қоғам) тарату және оның мүлкiн Кәсiпорынға беру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын;

3) таратылатын Қоғамның бiлiм алушыларына оқу жылын аяқтау үшiн шаралар қабылдасын;

4) осы қаулыны iске асыру жөнiнде басқа да шаралар қабылдасын.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 979 қаулысымен

бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр

шешімдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку