(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 04.07.03 Ж. № 217 ҚАУЛЫСЫ
Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акцияларды
орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын
жою ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 217 қаулысы
Осы редакция ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 24.05.04 ж. N 141 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеудi жетiлдiру мақсатында, "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17 және 20-баптарына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық бiрегейлендiру нөмiрiн беру, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарау және акциялар эмиссиясын жою ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 304 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1979 тiркелген, 2003 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Редакция документа
Демо – версия документа