(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 18.03.02 Ж. № 323 ҚАУЛЫСЫ
Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының
өкiлдерiн тағайындау туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 18 наурыздағы N 323 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. N 1041 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2003 ж. 20 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы 3-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. N 1041 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналардың Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып:
1) Халықаралық Валюта Қорының:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төрағасы Марченко Григорий Александрович (келiсiм бойынша),
Редакция документа
Демо – версия документа