Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы № 275 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 20 наурыздағы № 275 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

3) тармақшада "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Жангелдин Ерлен Тоқтағалиұлы (келісім бойынша);" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы (келісім бойынша);" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"5) Ислам Даму банкінің:

Басқарушы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі есенбаев Мәжит Төлеубекұлы;

Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Жәмішев Болат Бидахметұлы (келісім бойынша)".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку