Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000 Ж. 28 ҚАРАШАДАҒЫ № 1778 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін

дамыту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2000 ж. 28 қарашадағы N 1778 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. N 1369; 26.01.02 ж. N 127; 17.05.02 ж. N 534

қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. N 462 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiн дамыту және осы саладағы мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiн дамытудың бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) және оны іске асыру жөнiндегi Iс-шаралардың жоспары бекiтiлсiн.

2. Мемлекеттiк инвестициялар есебiнен толық немесе ішінара қаржыландырылатын құрылыс объектiлерi мен кешендерiнiң техникалық-экономикалық негiздемелерi (ТЭН) мен жобаларын құрылыстың сметалық құны:

қолданылып жүрген бағамен 100 000 000 (жүз миллион) теңгеге дейiн болса, құрылысқа тапсырыс берушiлер бекiтедi;

қолданылып жүрген бағамен 100 000 000 (жүз миллион) теңгеден 1 000 000 000 (бiр миллиард) теңгеге дейiн болса, олар Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс істерi жөніндегi комитетінің (бұдан әрi - Комитет) бекiтуiне жатады;

қолданылып жүрген бағамен 1 000 000 000 (бiр миллиард) теңгеден астам болса, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнің келiсiмi бойынша Комитет бекiтедi деп белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi белгiленген тәртiппен тоқсан сайын Комитеттi күрделi құрылыс саласындағы, мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу мен құрылыс материалдарының экспорты-импорты аясындағы статистикалық материалдармен қамтамасыз етiп отырсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку