Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ 24.08.00 Ж. № 331 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану

ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысы

(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.09.01 ж. N 328; 02.09.02 ж.

N 361 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 27 қазандағы N 370 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының айналысын реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесi бекiтiлсiн және осы аталған Ереже күшiне енгiзiлген күннен бастап үш айлық мерзiм өткен соң күшiне енгiзiлетiн 35-тармақтан басқасы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апталық мерзiм өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қарастырсын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына жiберсiн.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары осы қаулыны және Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiн екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.

Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку