(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 09.07.98 Ж. № 651 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928
Жарлығын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1998 ж. 9 шiлдедегi N 651 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.12.98 ж. N 1322; 29.01.99 ж. N 68; 12.03.99 ж. N 234;
17.03.99 ж. N 251; 29.04.99 ж. N 494; 29.04.99 ж. N 498; 17.08.01 ж. N
1075; 19.08.02 ж. N 918; 28.04.03 ж. N 407 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Мемлекеттiк органдардың ақылы қызметтер көрсетуiнiң тәртiбi;
Мемлекеттiк органдардың қызмет көрсетулерi үшiн ақы белгiлеу мен оның мөлшерiн айқындаудың тәртiбi;
Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң Мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзудiң тәртiбi;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
1) "Қазақ ССР Көлемi шағын кемелер жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1984 жылғы 1 қазандағы N 404 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1984 ж., N 20, 68-құжат);
2) "Қазақ ССР Көлемi шағын кемелер жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы туралы ережеге өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 14 желтоқсандағы N 558 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1988 ж., N 5, 27-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң су заңдары мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 мамырдағы N 473 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң су заңдары мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 13-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 21, 210-құжат).
Демо – версия документа