Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысы (2006.11.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген
материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарының
тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысы
(2006.11.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 977 Қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарының тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Үкiметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1236 қаулысымен
бекiтілген
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 977 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру
үшін рұқсат етiлген материалдық емес активтерді қоспағанда,
шетелдік қаржы құралдарының
тiзбесi
1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздармен;
2) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздарымен;
3) корпоративтік бағалы қағаздармен;
4) жылжымайтын мүлiк (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздармен;
5) акциялармен;
6) репо және кері репо операцияларымен;
7) депозиттермен (салымдармен);
8) кепiлдiк арқылы бағалы қағаздарды қарызға берумен (securities lending);
9) стандартты туынды қаржы құралдарымен;
10) құрылымдық өнімдермен;
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 977 Қаулысымен 11 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11) валюталармен ;
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 977 Қаулысымен 12 тармақшамен толықтырылды
12) ақша нарығы қорларымен.
Документ утратил силу