Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Салыққа жатпайтын түсімдерді бюджетке аудару ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 1222 Қаулысы (күші жойылды)

Салыққа жатпайтын түсiмдердi бюджетке аудару ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 1222 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 289 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiнiң 58-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Салыққа жатпайтын түсiмдердi бюджетке аудару ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2004 жылғы 23 қарашадағы

№ 1222 қаулысымен

бекітілген

Салыққа жатпайтын түсiмдердi бюджетке аудару ережесi

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және төлеушiлердiң салыққа жатпайтын түсiмдердi бюджетке аудару тәртібін айқындайды.

2. Бюджетке салыққа жатпайтын түсiмдердi төлеудi төлеушiлер салыққа жатпайтын түсiмдердi алуға жауапты уәкiлеттi мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген айқындау, алу тәртібіне, мөлшерге (аударымдар нормативтерiне) және мерзiмге сәйкес жүргiзедi.

3. Салыққа жатпайтын түсiмдердi, оның iшiнде салыққа жатпайтын түсiмдердi толық және уақытылы төлемегенi үшiн айыппұлдардың (өсiмақының) сомаларын аудару мемлекеттік бюджетке Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешiмiмен бекітілетiн Бiрыңғай бюджеттік жiктеменiң тиiстi кодтарына жүргiзiледi.

4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салыққа жатпайтын түсiмдердi алуға жауапты мемлекеттік орындардың мемлекеттік бюджетке түсетiн салыққа жатпайтын түсiмдердiң толықтығын және уақытылығын қамтамасыз етуi бойынша бақылауды жүзеге асырады.

5. Салыққа жатпайтын түсiмдердi мемлекеттік бюджетке толық және уақытылы аудармау Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.































































Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку