Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Экологиялық аудитті лицензиялаудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 тамыздағы № 889 қаулысы (2005.31.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Экологиялық аудиттi лицензиялаудың және жүргiзудiң кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 тамыздағы
№ 889 қаулысы

(2005.31.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2007.05.06. № 457 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

 

Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялауға қойылатын біліктiлік талаптары;

2) Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi;

ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) Экологиялық аудитті жүргiзу ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 23 тамыздағы

№ 889 қаулысымен

бекітілген

Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялауға

қойылатын біліктілік талаптары

1. Жеке тұлғаларға арналған біліктiлiк талаптарына мыналар кiредi:

1) жоғарғы кәсіптiк немесе орта кәсiптiк білім;

ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2) қоршаған ортаны қорғау саласында кемiнде 3 жыл, оның iшiнде табиғатты қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптама саласында кемiнде бір жыл жұмыс тәжiрибесінің болуы (тиiсті лицензияны қоса бере отырып);

3) экологиялық аудитор біліктiлiк куәлiгiнің нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;

4) тиiстi материалдық-техникалық база:

экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған компьютерлiк және электронды техника;

тiркелген сынау зертханасы бар ұйыммен шарт;

экологиялық аудиттi жүргізу үшін қажетті анықтамалық және әдiстемелiк әдебиет, нормативтiк құқықтық кесiмдер мен нормативтік-техникалық құжаттар;

ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) аттестациядан өткенін растайтын құжат.

2. Заңды тұлғаларға арналған біліктiлiк талаптарына мыналар кіреді:

1) ұйым басшысында жоғарғы кәсіптік бiлімінiң болуы;

ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2) қоршаған ортаны қорғау саласында кемiнде 3 жыл, оның iшiнде табиғатты қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптама саласында кемiнде бір жыл жұмыс тәжiрибесiнiң (тиiстi лицензияны қоса бере отырып), экологиялық аудиторлардың біліктiлiк куәлiктерiнің және осы заңды тұлғаның штатында тұрақты негізде жұмыс iстейтiн екі маманның болуы;

3) тиiстi материалдық-техникалық база:

экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған компьютерлiк және электронды техника;

экологиялық аудиттi жүргiзу үшiн қажеттi анықтамалық және әдiстемелiк әдебиет, нормативтiк құқықтық кесiмдер мен нормативтiк-техникалық құжаттар;

тiркелген сынау зертханалары немесе тиiсті зертханалары бар ұйымдармен шарт.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2004 жылғы 23 тамыздағы

№ 889 қаулысымен

бекiтілген

Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан әрі - Ереже) заңды және жеке тұлғаларға экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Лицензиялар Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына олар белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда берiледi.

3. Экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бередi.

2. Лицензияны алу тәртібі

4. Экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияны біліктiлiк деңгейi осы қызмет түрiне қойылатын талаптарға сәйкес келетiн субъектiге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бередi.

5. Лицензия қатаң есептiлік құжаты болып табылады әрi мемлекеттік және орыс тiлдерiнде бір данада ресiмделедi.

6. Лицензияны алу үшiн өтiнiм иесi лицензиарға "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысымен бекітілген нысан бойынша белгiленген үлгiдегі өтiніштi ұсынады.

Өтiнішке мыналар қоса берiледi:

1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы куәліктiң көшiрмесi;

2) жеке кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi және жеке кәсiпкерлiкпен айналысатын жеке тұлғаның жеке басы куәлігінің көшiрмесi;

3) салық төлеушi куәлiгiнің көшiрмесi (СТН);

4) бюджетке лицензиялық алымды төлегендігін растайтын құжат;

5) өтiнiш иесiнің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

6) осы тармақта көрсетiлген құжаттардың көшiрмесi нотариалды расталған болуы тиiс.

7. Лицензиялар, егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше мерзiм белгіленбеген болса, барлық қажетті құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап - бiр ай мерзiмнен кешіктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күндiк мерзiмнен кешіктiрмей берiледi.

8. Лицензияға лицензиардың басшысы не осыған уәкiлеттік берiлген адам қол қояды және ол лицензиардың мөрiмен расталады.

9. Лицензия өтiнiш иесiне немесе оның уәкілеттік берiлген өкiлiне сенiм хат негiзiнде беріледi.

10. Лицензияны беруден бас тарту, лицензияны керi қайтарып алу, оның қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Лицензияланатын қызметті бақылау

11. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ осы Ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.

12. Біліктілік талаптарының сақталуын тексеру лицензияны қолдану мерзiмi iшiнде заңнамада белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.

Тексеру нәтижелерi бойынша бұзушылықтардың болмағаны туралы не нақты бұзушылықтар мен оларды жою мерзiмiн көрсете отырып тексеру актісi жасалады.

Бұзушылықтарды көрсетiлген мерзiмде жоймаған жағдайда, тексеру актiсінің негiзiнде лицензиар заңнамада белгiленген тәртiппен лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды.

Лицензиат лицензиарға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерiн жою туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2004 жылғы 23 тамыздағы

№ 889 қаулысымен

бекiтілген

ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

Экологиялық аудиттi жүргiзу ережесi

1. Жалпы ережелер

ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Осы Ереже "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына

 сәйкес әзiрлендi және заңнамада белгiленген тәртiппен экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың экологиялық аудит жүргiзу тәртібін айқындайды.

ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Мiндеттi экологиялық аудит және бастамашылық экологиялық  аудит экологиялық аудит түрлерi болып табылады.

ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi орган мiндеттi экологиялық аудит жүргізу туралы шешiм қабылдайды.

ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 2-2-тармақпен толықтырылды

2-2. Бастамашылық экологиялық аудит аудиттелетiн субъектiнің не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым арасындағы экологиялық аудит жүргiзуге арналған шартта көзделген экологиялық аудиттiң нақты мiндеттерi, мерзiмi мен көлемi ескеріле отырып жүргiзіледі.

 

ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Экологиялық аудиттi жүргізу тәртібі

3. Экологиялық аудит мынадай бiрнеше кезеңде жүргiзiледi:

1) экологиялық аудиттiң мақсаттарын белгiлеу;

2) тексерiлетiн адамның құжаттамасын алдын ала талдау;

3) экологиялық аудиттi жүргiзуге шарт жасасу;

ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) аудит жүргiзу жоспарын жасау;

4) экологиялық аудиттi жүргiзу;

5) аудиторлық есептi жасау.

ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. Экологиялық аудитті жүргiзу туралы шартты жасасу алдында аудиттелетiн субъект оны алдын ала талдау жүргiзу үшiн дайындалып жатқан аудит бойынша құжаттаманы ұсынады, соның iшiнде:

1) шаруашылық жүргiзуші субъектінің менеджмент жүйесi жөнiндегі құжаттама;

2) экологиялық аудит жөніндегi алдыңғы қорытындылар;

ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) аудиторға экологиялық аудитті жүргiзу мүмкіндігін анықтау үшін қажетті техникалық құжаттама.

Ұсынылған құжаттаманы алдын ала талдау экологиялық aудитті жүргiзудiң мүмкiн еместігi туралы куәландыратын жағдайда, аудитор бұл туралы экологиялық аудит тапсырысшысын хабардар етедi және аудиттелетiн адам бар кедергiлердi жойғанға дейiн aудитті жүргiзуден бас тарта алады.

ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

5. Экологиялық аудит экологиялық аудитор жасайтын және тапсырысшымен және аудиттелетiн субъектiмен келісілетiн экологиялық аудит жүргiзу жоспарына сәйкес жүргiзiледi.

6. ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

7. Экологиялық аудит нәтижелерi бойынша аудитор экологиялық аудиторлық есеп жасайды.

Жеке кәсіпкер болып табылатын аудитор жасаған экологиялық аудиторлық есепке өзi қол қояды және оны жеке мөрiмен куәландырады.

Аудиторлық ұйымның экологиялық аудиторлық есебiне орындаушы аудитор қол қояды, оның жеке мөрiмен расталады, аудиторлық ұйым басшысы бекiтедi және оның мөрiмен куәландырылады.

Экологиялық аудиторлық есепте, сондай-ақ, аудиторлық ұйым лицензиясының нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiледi.

ҚР Үкіметінiң 2005.31.10. № 1086 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды

7-1. Экологиялық аудиторлық есеп болып ресiмделетін мiндетті экологиялық аудит нәтижелері бір ай мерзімнен кешiктiрiлмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етіледi.

 

3. Қорытынды ережелер

8. Экологиялық аудитті жүргізу нәтижесiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен шешiледi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции