Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандырудың ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2004 жылғы 6 шілдедегі № 351 бұйрығы (күші жойылды)

Пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандырудың ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2004 жылғы 6 шілдедегі № 351 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 15-05/864 бұйрығымен күші жойылды

 

«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. Қоса берілген Пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандырудың ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

 

 

 

 

 

А. Есімов

«Пестицидтерді улы химикаттарды

зарарсыздандырудың ережесін

бекіту туралы» Қазақстан

Республикасы Ауыл шаруашылығы

министрінің 2004 жылғы 6 шілдедегі

№ 351 бұйрығымен бекітілген

 

 

Пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандырудың

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандырудың осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес әзірленген және тыйым салынған, жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) және олардың ыдыстарын зарарсыздандырудың тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Осы Ереже пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданатын жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ тыйым салынған, жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын зарарсыздандыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты.

3. Осы Ережеде мына негізгі ұғымдар қолданылады:

1) пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандыру - тыйым салынған, жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын кәдеге жаратуға, көмуге немесе жоюға бағытталған іс-шаралар;

2) тыйым салынған пестицидтер (улы химикаттар) - Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларымен қолдануға тыйым салынған пестицидтер;

3) жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) - сақтау шарттарының орындалмауына, сондай-ақ сақтаудың шекті мерзімі асырылуына байланысты жарамсыздыққа келген пестицидтер (улы химикаттар);

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку