Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы № 68 қаулысы (күші жойылды)
Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы
қорының уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша басқарушысын) тағайындау және
қызметiнiң ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын
және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы № 68 қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.09.01. № 6 Қаулысымен күші жойылды
Банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттiгiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметiнiң ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап мыналардың күшi жойылсын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банкте уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарушы) тағайындау тәртібі және өкiлеттiгi туралы" ереже жөнiнде" 1997 жылғы 11 қыркүйектегi № 325 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 373 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" № 37 басылымдарында 1997 жылғы 15-19 қыркүйекте жарияланған);
Документ утратил силу
Демо – версия документа