Қазақстан Республикасы Iшкі істер министрлігінің жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 473 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жекелеген кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 473 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) «Қазақстан емдеу кешенi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен «Қазақстан санаторийi» акционерлік қоғамына қайта құру жолымен;
2) «Шалқар су санаторийi» және «Жеке батыр санаторийi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен «Арқа санаторийi» акционерлік қоғамына қосу жолымен;
3) «Арман санаторийi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен «Арман санаторийi» акционерлік қоғамына қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) олардың қызметінiң негiзгі мәнi iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн, iшкi iстер органдарының зейнеткерлерi мен олардың отбасы мүшелерiн және басқа да жеке тұлғаларды санаториялық-курорттық емдеудi ұйымдастыру деп белгiлей отырып, құрылатын акционерлік қоғамдардың жарғыларын бекiтсiн;
2) акционерлік қоғамдарды әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн, құрылатын акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне берсiн;
4) осы қаулыны iске асыру жөнiндегі өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы ?кіметінің
2004 жылғы 27 сәуірдегі № 473 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдеріне енгізiлетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
«Астана қаласы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-55-жолмен толықтырылсын:
«21-55 «Арқа санаторийі» АҚ;
«Алматы қаласы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 123-88-жолмен толықтырылсын:
«123-88 «Қазақстан санаторийi» АҚ;
«Оңтүстiк Қазақстан облысы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 297-жолмен толықтырылсын:
«297 «Арман санаторийi» АҚ».
3. «Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 266-1, 266-2, 266-3-жолдармен толықтырылсын:
«266-1 «Қазақстан санаторийi» АҚ;
«266-2 «Арқа санаторийi» АҚ;
«266-3 «Арман санаторийi» АҚ».