Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 15 қарашадағы № 1226 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің 2003 ж. 15 қарашадағы № 1226 Жарлығы
ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 4-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасындағы кәсiптік мерекелер мен атаулы күндер туралы" 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсін:
1) тақырыбындағы "кәсiптiк мерекелер мен атаулы күндер" және 1-тармақтағы "кәсiптiк мерекелер мен атаулы күндердiң" деген сөздер тиiсiнше септелiп "кәсiптiк және өзге де мерекелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк мерекелер мен атаулы күндердiң тiзбесi осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Президенті | Н. Назарбаев |
Президентінің
2003 жылғы 15 қарашадағы
№ 1226 Жарлығына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентiнің
1998 жылғы 20 қаңтардағы
№ 3827 Жарлығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де
мерекелердiң тiзбесi
Отан қорғаушы күні - 7 мамыр
Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске - 31 мамыр
алу күні
Медицина қызметкері күні - маусымның
Документ утратил силу
Демо – версия документа