Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 ж. 24 қыркүйектегі № 704 бұйрығы (2007.26.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)
Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi туралы
ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2003 ж. 24 қыркүйектегі № 704 бұйрығы
(2007.26.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы № 795 Бұйрығымен күші жойылды
"Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағын iске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi туралы ереже бекітілсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң) басшылары, стационарлық көмек көрсететiн республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы бұйрықты басшылыққа алсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр | Ж. Досқалиев |
"Стационарлық көмек көрсететiн
денсаулық сақтау ұйымдарының
қызметi туралы ереженi бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2003 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 704 бұйрығымен бекітілген
Стационарлық көмек көрсететiн республикалық
денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi туралы ереже
1. Осы стационарлық көмек көрсететiн республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және меншік нысанына қарамастан, олардың қызметiнiң тәртібін белгiлейдi.
2. Медициналық ұйымдарда стационарлық көмек олардың лицензияда белгiленетiн қызметiнiң бағыттарына сәйкес көрсетiледi.
Документ утратил силу
Демо – версия документа