Табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1039 қаулысы (күші жойылды)
Табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласындағы
жұмыстар жөніндегі қызметтi лицензиялаудың кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1039 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.05.06. № 457 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі, "Экологиялық сараптама туралы" 1997 жылғы 18 наурыздағы және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар жөніндегі қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары бекітілсiн.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 43-жолмен толықтырылсын:
«43. Қазақстан табиғат қорғауды жобалау,
Республикасының Қоршаған нормалау және экологиялық
ортаны қорғау министрлігі сараптау саласындағы жұмыстар».
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
| Д.К. Ахметов |
Үкіметінiң
2003 жылғы 8 қазандағы
№ 1039 қаулысымен
бекітілген
Табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау
саласындағы жұмыстар жөніндегі қызметтi лицензиялау кезiнде
қойылатын біліктiлiк талаптары
Бiлiктiлiк талаптары табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар жөніндегі қызметке лицензия алуға үмiткер заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) қолданылады.
Мынадай қызмет лицензиялау объектiсi болып табылады:
табиғат қорғауды жобалау - «Экологиялық сараптама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi мемлекеттік экологиялық сараптауға жататын қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануға қатысты жоспарлау, жоспарлау алдындағы және жобалау құжаттамасының, өзге де материалдар мен құжаттардың не олардың жекелеген бөлiмдерi мен бөлiктерiнiң барлық түрлерiн әзiрлеу;
табиғат қорғауды нормалау - «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптардың барлық түрлерiн әзiрлеу;
экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар - штаттан тыс сарапшылардың және заңды тұлғалардың (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң) экологиялық сараптау объектiсiнiң материалдары бойынша ескертулер мен ұсыныстарды дайындауға және мамандандырылған мәселелердi пысықтауға байланысты жұмыстарды орындауы;
Бiлiктiлiк талаптарының сақталуын бақылау лицензиаттың жыл сайын лицензияны алу күнiне оның біліктiлiк талаптарын растайтын құжаттар мен материалдарды тапсыруын қамтиды.
1. Табиғат қорғауды жобалауға, нормалауға арналған қызметтi
лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары
Бiлiктiлiк талаптары мыналардың:
1) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушiнiң басшысында (орынбасарында) жоғары кәсiптiк немесе орта кәсiптiк білімiнiң немесе ғылыми дәрежесiнiң; жеке тұлға үшiн - тиiстi жоғары кәсiптiк білімiнiң немесе ғылыми дәрежесiнiң және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажының;
2) мынадай:
тиiстi жоғары кәсiптiк білімi немесе ғылыми дәрежесi және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажы бар инженерлiк-техникалық және ғылыми қызметкердiң;
табиғат қорғауды жобалау және нормалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандардың;
3) тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның:
аспаптармен және жабдықпен жарақталған тiркелген мамандандырылған зертханалардың не көрсетiлген зертханалары бар ұйымдардың талдамалы жұмыстарды (қызметтер көрсетудi) орындауы туралы шарттардың;
есептiк материалдарды жасау мен ресiмдеуге қажеттi ұйымдастыру техникасының және электрондық техниканың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң;
4) жұмыстың сұрау салатын түрлерi бойынша нормативтiк-құқықтық кесiмдердiң, техникалық және әдiснамалық құжаттаманың, ғылыми-анықтамалық әдебиеттiң болуын қамтиды.
2. Экологиялық сараптау саласындағы жұмыстарды
лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары
Бiлiктiлiк талаптары мыналардың:
1) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушiнiң басшысында (орынбасарында) жоғары кәсiптiк білімiнiң немесе ғылыми дәрежесiнiң және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үш жылдан кем емес практикалық тәжiрибесiнiң;
жеке тұлға үшiн - тиiстi жоғары кәсiптiк білімiнiң немесе ғылыми дәрежесiнiң, мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажының және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үш жылдан кем емес практикалық тәжiрибесiнiң;
2) мынадай:
тиiстi жоғары кәсiптiк білімi немесе ғылыми дәрежесi және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажы бар инженерлiк-техникалық және ғылыми қызметкердiң;
табиғат қорғауды жобалау және нормалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандардың;
3) тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның:
сараптамалық қорытындыларды жасау мен ресiмдеуге қажеттi ұйымдастыру техникасының және электрондық техниканың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң;
4) жұмыстың сұрау салынатын түрлерi бойынша нормативтiк-құқықтық кесiмдердiң, техникалық және әдiснамалық құжаттаманың, ғылыми-анықтамалық әдебиеттiң болуын қамтиды.
Документ утратил силу