Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қызметтік жер үлесіне құқығы бар қызметкерлер санатының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 8 қыркүйектегі № 908 қаулысы

Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесiн бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж.
8 қыркүйектегі № 908 қаулысы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесi бекітілсiн.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

"Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 23 мамырдағы № 634 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 22, 198-құжат);

"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне жер қатынастарын реттеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1123 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 399-құжат).

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 8 қыркүйектегi

№ 908 қаулысымен

бекітілген

Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер

санатының тiзбесi

1. Қызметтік жер үлесi тәртібімен берiлген учаскелердегi жер қатынастары Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 41-бабына сәйкес реттеледi.

2. Қызметтiк жер үлесiне қызметкерлердiң мынадай санаттарының құқығы бар:

1) темір жол көлiгiнiң желілік қызметкерлерi:

жолдарды, көпiрлердi, құлайтын жерлер мен тоннельдерді тексерушiлер, жол айырығындағы кезекшiлер;

жол жұмысшылары және құрылыстарды ағымдағы ұстау және жөндеу жөніндегі жұмысшылар, жол бригадирлерi, техниктер;

жол машиналары мен механизмдердiң механиктерi және механиктердiң көмекшiлерi, автодрезин, мототасығыш жүргiзушiлерi мен олардың көмекшiлерi, сондай-ақ жолдарды ағымдағы ұстаумен және жөндеумен айналысатын автомашиналар жүргiзушiлерi;

аға жол шеберлерi, көпiр, жол және тоннель шеберлерi;

қорғаныштық орман алқаағаштары қашықтығының орман дақылдары өндiрiстiк учаскелерiнiң шеберлерi, орманшылары, бастықтары, бригадирлерi, бригадир-механиктерi, автомашина жүргiзушiлерi, тракторшылары;

кезекшi айырушылар, дабыл берушiлер, машинистер, машинистердiң көмекшiлерi, электромеханиктер, күл шығарушылар, тауар және билет кассирлерi, қож тазалаушылар;

локомотив бригадасының демалыс үйлерiнiң және ауысым пункттерiнiң меңгерушiлерi мен кезекшiлерi;

түрлi пункттерде тұратын локомотив машинистерi, олардың көмекшiлерi; электрмен жабдықтаудың желілік аудандарының қызметкерлерi;

IV және V санаттардағы станциялардың электромеханик-бастықтары;

бақылау-техникалық қызмет көрсету пункттерi жылжымалы құрамының қараушы-жөндеушілерi, операторлары, слесарлары;

"ПОНАБ" және "ДИСК" аспаптарымен жабдықталған қауiпсiздiк посттары вагондарын қараушылар;

сумен жабдықтау пункттерiнiң қызметкерлерi: сорғы станцияларының шеберлерi, бригадирлерi, слесарлары, автомашиналардың жүргiзушiлерi, электриктep, бульдозершiлер, экскаваторшылар, тракторшылар, ағаш шеберлерi, жабдықтаушылар, газ-электрмен дәнекерлеушiлер, токарьлар, от жағушылар;

байланыстық желi аудандарының, тартқыш кiшi станцияларының бастықтары, электромеханиктерi, электромонтерлерi, автомотокөлiк жүргiзушілерi;

орталықтандырылған дабыл беру және блоктaу (ОББ) электромеханиктерi; IV және V санаттар станциялары бойынша бастық пен кезекшiлер, поезд құрастырушылары мен олардың көмекшiлерi;

жолдарда орналасқан мектепке дейiнгi балалар мекемелерi мен медпункттердiң, сауда нүктелерiнiң қызметкерлерi;

2) автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстау қызметiнiң желiлiк қызметкерлерi;

жол жұмысшылары, жөндеушiлер;

көпiр қарауылдары;

паромшылар;

жол және көпiр шеберлерi;

қардан қорғау және сәндiк ағаштар бойынша шеберлер және ағаш питомниктерiнiң қызметкерлерi;

3) өзен және теңiз флотының қызметкерлерi:

аға және қатардағы посттар мен жол жұмысшылары, кеме жағдайын хабарлаушылар;

шамшырақтар мен гидротехникалық құрылыстардың қызметкерлерi;

4) мемлекеттік орманды қорғау қызметкерлерi:

орманшылар, орман шеберлерi, қорықшылар, аға қорықшылар;

орманшылардың көмекшiлерi, орманшылар, аңшылар;

орманды күзету, қорғау, молайту және орман өcipу мәселелерiн жүргiзушi барлық санаттағы инженерлер;

орман шаруашылығын жүргiзушi ұйымдардың бiрiншi жетекшiлерi мен олардың орынбасарлары;

5) техникалық желi цехтары мен учаскелерiнiң, халықаралық байланыс және теледидар кабельдiк магистралы байланысы желiлiк торабының қызметкерлерi:

кабельшi-дәнекерлеушiлер;

6) су шаруашылығы жүйесi басқармасының, су қоймасының, бассейндiк су шаруашылығы бiрлестiктерi мен оларға теңестiрiлген, су шаруашылығы объектiлерiнде тiкелей тұратын және өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаратын қызметкерлер:

учаскелiк гидротехниктер, гидроөлшегiштер, су техниктерi, қадағалаушылар, сондай-ақ су шаруашылығы объектiлерiне қызмет көрсету жөніндегі басқа да мамандар (сорғы станцияларының машинистерi, электриктер);

7) республикалық және жергілiктi маңызы бар, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар;

8) ауыл шаруашылығының қызметкерлерi:

шалғайдағы мал шаруашылығы фермаларының меңгерушiлерi, зоотехниктерi, ветеринарлары, табыншылары;

табын айдау жолдарына қызмет көрсететiн егiс алқаптары мен баздардың қарауылдары;

9) құбыр тарту көлiгiнiң қызметкерлерi:

желiлiк тексерушілер;

10) гидрометеорологиялық қызметтiң қызметкерлерi:

гидрометеостанциялардың бастықтары;

техник-метеорологтар;

техник-гидрологтар;

техник-агрометеорологтар;

гидрометеопосттардың байқаушылары;

қар өлшеу бағыттарының қызметкерлерi;

11) балық шаруашылығының қызметкерлерi:

балық жетекшiлерi;

қарауылдар;

тоған жұмысшылары;

инкубация цехтарының жұмысшылары;

сорғы станцияларының машинистерi.

Укажите название закладки

Создать новую папку