Кастодиандық үлгі шарттардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 139 Қаулысы (2013.26.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)
Кастодиандық үлгi шарттардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 21 сәуірдегі № 139 Қаулысы
(2013.26.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банк басқармасы төрағасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 67 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Кастодиан-банк, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын кастодиандық үлгi шарттың нысаны (1-қосымша);
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.15.04. № 96 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) Кастодиан-банк және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын кастодиандық үлгi шарттың нысаны (2-қосымша);
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.15.04. № 96 Қаулысымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) кастодиан-банк, басқарушы агент және арнайы қаржы компаниясы арасында жасалатын Кастодиандық үлгі шарттың нысаны (3-қосымша);
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.15.04. № 96 Қаулысымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) кастодиан-банк және бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді өз бетімен инвестициялайтын арнайы қаржы компаниясы арасында жасалатын Кастодиандық үлгі шарттың нысаны (4-қосымша) бекітілсін.
2. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының барлық мүдделi бөлiмшелерiне, кастодиан-банктерге, жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
3. Осы қаулы мемлекеттік тiркелген күннен бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң «Кастодиандық үлгi шартын бекіту туралы» 1998 жылғы 17 ақпандағы № 17-П бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 482 тiркелген, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 80 тiркелген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігiнiң «Кастодиандық үлгi шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1998 жылғы 25 наурыздағы № 39-П бұйрығымен енгізiлген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 жылғы 21 сәуірдегі
№ 139 «Кастодиандық үлгі
шарттардың нысандарын
бекіту туралы» қаулысына
1-қосымша
Кастодиан банк, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және жинақтаушы
зейнетақы қоры арасында жасалатын
КАСТОДИАНДЫҚ ҮЛГІ ШАРТ
»____»____________ 200___жыл
________________________________
(елді мекеннің атауы)
Осы Шарт мынадай тараптардың арасында жасалды:
Жинақтаушы зейнетақы қоры
__________________________________________________________________
(қордың атауы, лицензия номері және берілген күні)
бұдан әрі «Қор» деп аталады, жарғы және заңдарға сәйкес берілген сенімхат
негізінде іс-әрекет жасайтын
___________________________________________________________ арқылы.
(лауазымы, аты-жөні)
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым
__________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лицензия номері және берілген күні)
бұдан әрі «Ұйым» деп аталады, жарғы және заңдарға сәйкес
берілген сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын
___________________________________________________________арқылы.
(лауазымы, аты-жөні)
Кастодиан банк
__________________________________________________________________
(банктің атауы, лицензия номері және берілген күні)
бұдан әрі «Кастодиан» деп аталады, жарғы және заңдарға сәйкес берілген
сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын
___________________________________________________________арқылы.
(лауазымы, аты-жөні)
1-тарау. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні Қордың зейнетақы активтерін жауапты сақтау және есепке алу жөніндегі қызметті ұсыну болып табылады.
2. Қор салымшылардан зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асырады және Қордағы жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға зейнетақы төлемдерін жүргізеді. Осы функцияларын жүзеге асыру үшін Қор Кастодианда шот ашады.
3. Ұйым Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырады және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға арналған шарт талаптарына сай Қордың Кастодиандағы тиісті шоттарына басшылық жасайды.
4. Қор тапсырады, ал кастодиан Қазақстан Республикасының заңдарын сақтай отырып және осы Шартқа сәйкес Қордың өзіне сеніп тапсырылған зейнетақы активтерінің (ақша, бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары) сақталуын және есебін жүргізуді қамтамасыз етеді және қордың зейнетақы активтерінің мақсатты орналастырылуына бақылау жасайды.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5. Кастодиан:
1) Қорға осы Шарттың 3-тарауында сипатталған шот режимінде теңгеде банктік инвестициялық шот ашуға және жүргізуге;
2) Қорға осы Шарттың 4-тарауында сипатталған шот режимінде шетел валютасында банктік инвестициялық шот ашуға және жүргізуге;
3) Қорға осы Шарттың 5-тарауында сипатталған шот режимінде теңгеде банктік зейнетақы төлемдері шотын ашуға және жүргізуге;
4) Қорға осы Шарттың 6-тарауында сипатталған шот режимінде шетел валютасында банктік зейнетақы төлемдері шотын ашуға және жүргізуге;
5) Қорға осы Шарттың 7-тарауында сипатталған шот режимінде зейнетақы активтері есебінен инвестициялауға рұқсат етілген бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарын есепке алу және сақтау үшін баланстан тыс шот (бұдан әрі - қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шот) ашуға және жүргізуге;
6) міндетті зейнетақы жарналарын, «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны (бұдан әрі Орталық) арқылы аударылған міндетті зейнетақы жарналарын операциялық күн ішінде теңгедегі банктік инвестициялық шотқа есептей отырып, уақтылы ұстамағаны (есептемегені) және (немесе) аудармағаны үшін өсімпұлды ұстауға;
7) операциялық күн ішінде теңгедегі банктік инвестициялық шотқа есептей отырып, ерікті зейнетақы жарналарын, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын алуға;
8) операциялық күн ішінде теңгедегі банктік инвестициялық шотқа есептей отырып, жинақталған зейнетақы жарналарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды және өзге де түсімдерді алуға;
9) Ұйымға және Қорға операциялық күннен кейінгі күнгі сағат________ кешіктірмей операциялар түрлері бойынша теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттағы ақша қозғалысы туралы хабарламаны ұсынуға;
10) күнделікті ағымдағы операциялық күнгі сағат________дейін Қорға МТ-102 нысандағы электронды тізімді - алдыңғы операциялық күн үшін теңгедегі банктік инвестициялық шотқа түскен төлем құжаттарын ұсынуға;
11) Қордың (немесе Ұйымның) зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістен, теңгедегі банктік инвестициялық шоттан ұстап қалынған комиссиялық сыйақыны Қордың ағымдағы шотына аудару жөніндегі төлем тапсырмасын орындауға;
12) зейнетақы активтерін инвестициялау кезінде Ұйымның теңгедегі банктік инвестициялық шотынан және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шотынан қарсы агенттердің ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы тиісті шоттарына ақша аудару жөніндегі төлем тапсырмасын орындауға және бағалы қағаздарды есептен шығаруға (есептеуге) және банктік жарналарды қаржы құралдарын есепке алу бойынша банктік салымдарды шоттардан (шоттарға) орналастыруға (қайтаруға);
13) осы Шарттың 7-тармағының 6) тармақшасына сай теңгедегі банктік инвестициялық шоттан теңгедегі және шетел валютасындағы зейнетақы төлемдерінің банктік шотына ақша аудару жөніндегі төлем құжаттарын орындауға;
14) Қордың салымшының зейнетақы төлемдерінің банктік шотынан басқа жинақтаушы зейнетақы қорының банктік инвестициялық шотына немесе сақтандыру ұйымына ақшаны есептен шығару және жинақталған зейнетақы қаражатын аудару, сондай-ақ банктік шоттан зейнетақы төлемдерін есептен шығару және алдағы зейнетақы төлемдерінің сомасын алушының зейнетақы төлемдеріне қызмет көрсететін банкке аудару және зейнетақы төлемдерінен ұсталған табыс салығын салық органдарына аудару жөніндегі төлем тапсырмаларын орындауға;
15) Қордың (немесе Ұйымның) теңгедегі банктік инвестициялық шоттан Қордың немесе Ұйымның банктік ағымдағы шотына Ұйым, Кастодиан және Қор арасындағы үш жақты салыстырып тексеру актісі негізінде зейнетақы активтерін инвестициялау кезінде туындаған Ұйымның шығыстарын өтеу үшін ақша аудару жөніндегі төлем тапсырмасын орындауға;
16) Ұйымды номиналды ұстаушының қызметін атқарушы тиісті ұйымның хабарламасы негізінде қаржы құралдарын есепке алу бойынша шоттарда (шоттардан) бағалы қағаздарды есептеу (есептен шығару) туралы хабарлама түскен күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге;
17) Қордың зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
18) зейнетақы активтерінің қозғалысына байланысты операциялардың есебін қамтамасыз етуге;
19) зейнетақы активтері бойынша күнделікті есепті, сондай-ақ зейнетақы активтерін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттарды бес жыл бойы сақтауға;
20) Ұйымға және Қорға бағалы қағаздар эмитенттері туралы ақпаратты Кастодианға ақпарат түскен күннен бастап үш жұмыс күннен асырмай ұсынуға;
21) Кастодиан, Ұйым және Қор жүзеге асыратын зейнетақы активтерінің есебі мен бағалауының сәйкестігін қамтамасыз етуге;
22) Қазақстан Республикасының заңдарында анықталған көлемде номиналды ұстаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруға;
23) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік инвестициялық шот, зейнетақы төлемдері шоттары және Қордың қаржы құралдарын есепке алу шоты туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтауға;
24) осы Шарттың 28, 29, 31 және 32-тармақтарына сәйкес Ұйым мен Қор арасында жасалған осы Шарттың 30-тармағында көрсетілген деректерге тұрақты түрде қарсы тексеруді жүргізуге;
25) Ұйымның теңгедегі немесе шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттан ақша аудару немесе қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттардан бағалық қағаздарды есептен шығару туралы бұйрығын уәкілетті мемлекеттік органнан Ұйым лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы ресми хабарламасын алған сәттен бастап уәкілетті мемлекеттік органнан Ұйым лицензиясының қолданылуын қайтадан қалпына келтіру туралы ресми хабарламасын алған сәтке дейін орындамауға;
26) Қордан Ұйымға шарттың қолданылуын тоқтату немесе Қор мен Ұйым арасындағы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға арналған шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама жіберілгені туралы хабарламаны алған сәттен бастап Қордың жазбаша тапсырмалары негізінде әрекет етуге;
27) Ұйым мен Қорды кастодиандық қызметті атқаруға арналған өзінің лицензиясының тоқтатыла тұрғаны (тоқтатылғаны) немесе уәкілетті мемлекеттік органның ресми шешімін алған күні Кастодианның зейнетақы активтерін сақтау және есебін жүргізу құқығын өзгертуге алып келетін басқа жағдайлар туралы жазбаша хабардар етуге;
28) Қордың немесе Ұйымның жазбаша сұрауларына ________ жұмыс күні ішінде жауап қайтаруға;
29) Қордың төлем құжаттарының негізінде қате есептелген деп танылған Орталық арқылы ақша түскен жағдайда көрсетілген соманы Қордың тапсырмасы бойынша Орталықтың шотына бір операциялық күн ішінде қайтаруға;
30) міндетті зейнетақы жарналары Орталықты айналып өтіп түскен жағдайда осы жарналарды жөнелтушіге өз бетінше бір операциялық күн ішінде қайтаруға;
31) қаржы құралдары бойынша кірістердің түсуіне бақылау жасауға;
32) қаржы құралдары бойынша алынған кірісті Қордың банктік инвестициялық шотына Кастодианның корреспонденттік шотына кіріс түскен күні есептеуге;
33) Қордың теңгедегі зейнетақы төлемдерінің банктік шотынан шетел валютасындағы зейнетақы төлемдерінің банктік шотына ақшаны есептен шығару, сондай-ақ шетел валютасындағы зейнетақы төлемдері шотынан Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге тұрғылықты тұруға көшіп кеткен алушының зейнетақы төлемдеріне қызмет көрсетуші банкке халықаралық аударымды жүзеге асыру жөніндегі төлем тапсырмасын орындауға міндетті.
1) ай сайын осы Шарттың 26 және 27-тармақтарына сәйкес Қордан және Ұйымнан өзінің көрсеткен қызметі үшін ақы алуға;
2) осы Шарттың 43-46-тармақтарында көзделген талаптармен және тәртіпте осы Шартты бұзуға;
3) Қор және Ұйым арасында зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартына сәйкес Қорға және Ұйымға Кастодианның зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелерге қызмет көрсету және қаржы құралдарының есебін жүргізу жөніндегі номиналды ұстаушының қызметін жүзеге асыратын тиісті ұйымдардың қызметіне ақы төлеу бойынша шығыстарын өтеуге шот-фактура ұсынуға;
4) көрсетілген шоттарда ағымдағы түсімдерді ескере отырып, мұндай төлем тапсырмаларын орындауға жеткілікті сома болмаған жағдайда, Ұйымның немесе Қордың теңгедегі немесе шетел валютасындағы инвестициялық шоттан және зейнетақы төлемдерінің банктік шотынан соманы есептен шығару жөніндегі төлем тапсырмасын орындамауға;
5) Қор мен Ұйымды бұл жөнінде ______ жұмыс күні бұрын алдын-ала жазбаша хабардар ете отырып, тарифтерді өзгертуге;
6) Кастодианның халықаралық рыноктарда зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелер бойынша Қор, Кастодиан және Ұйым арасындағы үш жақты салыстырып тексеру актісімен расталған шеккен шығыстары сомасын акцептсіз есептен шығаруға құқығы бар.
1) Ұйыммен және Кастодианмен зейнетақы активтерін есептеу мен бағалаудың сәйкестігін қамтамасыз етуге;
2) Кастодианға Ұйым мен Қор арасында жасалған зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі шарттың көшірмесін, сондай-ақ оған барлық өзгертулер мен толықтырулардың көшірмесін ұсынуға;
3) Кастодианға Қордың зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызмет атқаруға берілген мемлекеттік лицензиясының көшірмесін ұсынуға;
4) Ұйымға белгілі-бір күні зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру немесе салымшының кастодиан банктегі шотындағы жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аудару жөніндегі хабарламаны бір мезгілде жібере отырып, осы хабарламаның көшірмесін Қор мен Ұйым арасында жасалған зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға арналған шартта анықталған мерзімде кастодианға жіберуге;
5) күн сайын ағымдағы операциялық күнгі сағат ______ дейін Кастодианға және Ұйымға мыналар туралы растаманы ұсынуға:
міндетті, ерікті, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының түскен сомасы;
өсімпұл сомасы;
басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударылған жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы;
қате түскен сома;
өзге де түсімдер сомасы;
6) Кастодианға және Ұйымға (егер Қор мен Ұйым арасында жасалған зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартына сәйкес Кастодианға төлем тапсырмасын жіберу міндеті Ұйымға жүктелген болса) теңгедегі банктік инвестициялық шоттан зейнетақы төлемдерінің банктік шотына ақша аударуға арналған өкімді жіберуге, сондай-ақ Кастодианға теңгедегі банктік инвестициялық шоттан зейнетақы төлемдерінің банктік шотына ақша аударуға арналған төлем құжаттарын жіберуге;
7) Кастодиан ұсынған шот-фактураны және осы Шарттың 6-тармағының 3 тармақшасында көрсетілген шот-фактураны, егер мұндай міндет Қор мен Ұйым арасында жасалған зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартында көзделген болса, шот алынған күннен бастап ______ жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуге;
8) Кастодиан мен Ұйымды зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметті атқаруға берілген өз лицензиясының тоқтатыла тұрғаны (тоқтатылғаны) туралы немесе Қордың уәкілетті мемлекеттік органнан шешімді алған күні қызметті жүзеге асыруға құқықтарын өзгертуге алып келетін өзге де жағдайлар туралы хабардар етуге;
9) Кастодианға осы Шарттың 5-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген шоттарды ашуға арналған Қазақстан Республикасының заңдарында анықталған құжаттар пакетін ұсынуға;
10) Кастодианды екі жұмыс күні ішінде Кастодианға тиісті құжаттарды ұсына отырып өзгерістер күшіне енген күні барлық өзгерістер туралы (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлердің ауысуы, мекен-жайлардың, телефондардың, салық төлеушінің тіркеу номерінің өзгеруі) жазбаша хабардар етуге;
11) Кастодианға шетел валютасындағы зейнетақы төлемдері шотынан зейнетақы төлемдері сомасын халықаралық аударуға төлем тапсырмасын жіберуге;
12) Кастодианмен және Ұйыммен осы Шарттың 28, 29, 31 және 32 тармақтарына сәйкес тұрақты қарсы салыстырып тексеруді жүргізуге міндетті.
8. Қордың:
1) айдың соңғы күнінде Қазақстан Республикасының заңдарына және Қор мен Ұйым арасында жасалған зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартына сәйкес комиссиялық сыйақы алуға;
2) осы Шарттың 12-тарауында көзделген талаптармен және мерзімде осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға;
3) Кастодиан мен Ұйымнан осы Шарттың 9-тарауында көзделген тәртіппен Ұйым жүзеге асыратын Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет туралы ақпарат алуға құқығы бар.
1) Кастодианға Ұйым бағалы қағаздар рыногында брокерлік қызмет көрсетуге арналған шарт жасасқан бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (ұйымдардың) (бұдан әрі брокер-дилер) деректемелерін шарт жасалған күні хабарлауға;
2) Кастодианмен және Қормен жасалған осы Шарттың 30-тармағында көрсетілген деректерді осы Шарттың 28, 29, 31 және 32-тармақтарына сәйкес жүйелі түрде қарама қарсы салыстырып тексеруге;
3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның көшірмесін, Ұйымның атынан Кастодианның жазбаша тапсырмасына қол қоюға уәкілетті Ұйымның басшы қызметкерлерінің қол қою үлгілерінің нотариат куәландырған карточкасын Кастодианға және Қорға беруге;
4) Кастодианға және Қорға жазбаша нысанда, кемінде бір ай бұрын мерзімде Ұйымның таратылатыны немесе қайта ұйымдастырылатыны туралы хабарлауға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы активтерін инвестициялауды жүзеге асыруға және Кастодианға көрсетілген деректемелер бойынша ақша аударуға арналған төлем құжаттарын және қаржы құралдарын есепке алу бойынша шоттарға (шоттардан) бағалы қағаздарды есепке алу (есептен шығару) және салымдарды орналастыру (қайтару) жөніндегі бұйрықтарды жіберуге;
6) брокер-дилерге зейнетақы активтерінің қатысуымен мәмілелер жасауға берілген тапсырыстардың түпнұсқаларын жіберумен бір мезгілде сонымен бірге Кастодианды ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында жасалатын мәмілелерді растауға қатысу және мәмілелердің орындалуын және зейнетақы активтерін мақсатты орналастыруды бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігімен қамтамасыз ете отырып Кастодианға осындай тапсырыстардың көшірмелерін (ақы төлеуге сенімхат, аударуға өкім) және Кастодианның операциялық күні шеңберінде қаржы құралдарын есепке алу бойынша шоттарға (шоттардан) бағалы қағаздарды есепке алуға (есептен шығаруға) берілген бұйрықтарды жіберуге;
7) Ұйым брокер-дилер ретінде бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелеріне дербес қатысқан жағдайда - бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері жасалған күні сауда-саттыққа қатысу және олардың нәтижесі жөнінде Кастодианды хабардар етуге немесе жазбаша хабарлауға;
8) Қорға мәмілелер жасалғаннан кейін келесі жұмыс күні зейнетақы активтерімен мәмілелер жасау туралы есепті беруге;
9) күн сайын ағымдағы операция күні ____ сағатқа дейін Қорға және Кастодианға:
алынған инвестициялық кіріс сомасы;
есептелген инвестициялық кіріс сомасы туралы ақпаратты беруге;
10) Егер Ұйымның осындай міндеті Қор мен Ұйымның арасында зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартымен белгіленсе, Қор мен Ұйымның арасында зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартында айқындалған мерзімдерде банктік инвестициялық шоттан банктік зейнетақы төлеу шотына теңгемен қаражат аударуға төлем тапсырмасын Кастодианға жіберуге;
11) Кастодианға және Қорға екінші деңгейдегі банктермен банктік шарттар жасалған күні олардың көшірмелерін беруге;
12) осы Шарттың 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Ұйымның Кастодианы берген шот-фактура бойынша шот берілген күннен бастап __ операциялық күннен кешіктірмейтін ақы төлеуге;
13) зейнетақы активтерін есепке алу мен бақылаудың Қормен және Кастодианмен сәйкес келуін қамтамасыз етуге;
14) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясын қолдануды тоқтата тұру (тоқтату) немесе Ұйымның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару құқығын өзгертуге әкеп соғатын өзге де жағдайлар туралы уәкілетті мемлекеттік органның шешімін алған күні Кастодиан мен Қорды хабардар етуге;
15) Кастодианға барлық өзгерістер (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлердің ауысуы, мекен-жайлардың, телефондардың, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің өзгеруі) туралы өзгерістер басталған күні Кастодианға тиісті құжаттарды екі жұмыс күні ішінде бере отырып жазбаша хабарлауға;
16) Ұйым, Қор және кастодиан арасындағы үш жақты салыстырып тексеру актісі негізінде зейнетақы активтерін инвестициялау кезінде пайда болған шығыстар өтемін алуға;
17) осы Шарттың 28, 29, 31 және 32-тармақтарына сәйкес Кастодианмен және Қормен жүйелі түрде салыстырып тексеруді жүргізуге міндетті.
10. Ұйымның:
1) осы Шарттың 12-тарауында көрсетілген талаптармен және тәртіппен осы Шартты бұзуға;
2) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға Қор мен Ұйым арасында жасалған шартқа сәйкес қызметке ақы алуға құқығы бар.
3-тарау. Теңгедегі банктік инвестициялық шоттың режимі
11. Теңгедегі банктік инвестициялық шот жинақталған зейнетақы қаражатын, басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының түсімін, қаржы құралдарын сатудан және/немесе өтеуден түскен сомаларды, ұлттық валютадағы қаржы құралдарын сатып алуды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де түсімдерді есепке алуға арналған.
12. Шотты басқару құқығы осы Шартқа сәйкес Ұйымға, жекелеген жағдайларда олардың арасында жасалған зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартына сәйкес Қорға тиесілі.
Документ утратил силу