Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 16 мамырдағы № 1095 Жарлығы (күші жойылды)
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 16 мамырдағы № 1095 Жарлығы
ҚР Президентінің 2010 жылғы 22 қарашадағы № 1105 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының көмiрсутегi ресурстарын ұтымды және қауiпсiз игеру жолымен елдiң тұрақты экономикалық өрлеуiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу және Қазақстан халқының өмiр сүру сапасын арттыру, елiмiз индустриясының iлеспе салаларын дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзiм iшiнде Бағдарламаның бiрiншi сатысын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын әзiрлеп, бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат берiп отыратын болсын.
4. Бағдарламаны орындау мәселелерiн үйлестiру Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелсiн.
5. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті |
|
|
|
|
| Н. Назарбаев |
Президентінің
2003 жылғы 16 мамырдағы
№ 1095 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Каспий теңізінің қазақстандық
секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы
Астана қаласы, 2003 жыл
Мемлекеттік бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы | Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасы
|
Документ утратил силу
Демо – версия документа