Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 12 наурыздағы № 239 қаулысы

Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік
аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асырудың кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 12 наурыздағы № 239 қаулысы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығын iске асыру мақсатында және "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдардың жарғылық капиталдары мен активтерiн қалыптастыру (ұлғайту) ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн.

2. Осы қаулымен бекітілетiн Ережеге сәйкес жарғылық капиталында акциялардың мемлекеттік бақылау пакетi бар "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" акционерлік қоғамын (бұдан әрi - Қор) құруға қатысылсын.

3. Қордың құрылтай жиналысына құрылтай құжаттарында Қор қызметiнiң негiзгi мәнi Қорға қатысушы астық қабылдау кәсiпорны астықты Қор кепiлдiк берген астық қолхатында көрсетiлген сапасында және мөлшерiнде қайтаруға қабiлетсiз болған жағдайда Қорға қатысушы астық қабылдау кәсiпорнының астық қолхатын ұстаушы алдындағы мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету деп белгiлеу ұсынылсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi:

1) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Қор акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын берсiн;

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен 2003 жылғы 1 мамырға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қорға қатысушы астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхатын ұстаушы алдындағы мiндеттемелерiн Қордың өтеуi тәртібін регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасын енгiзсiн.

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-46-жолмен толықтырылсын:

"21-46. "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" АҚ";

2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде:

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 205-11-жолмен толықтырылсын:

"205-11. "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" АҚ".

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 12 наурыздағы

№ 239 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінiң 2002 жылғы

5 маусымдағы № 889 Жарлығымен бекітілген Қазақстан

Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік

аграрлық азық-түлiк бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз

ететiн ұйымдардың жарғылық капиталдары мен активтерін

қалыптастыру (ұлғайту)

ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже "ҚазАгроҚаржы", "Мал өнiмдерi корпорациясы", "Аграрлық кредит корпорациясы" жабық акционерлік қоғамдарының, "Қазагромаркетинг" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Қоғамдар), сондай-ақ "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Қор) жарғылық капиталдары мен активтерiн 2003 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат (бұдан әрi - Қаражат) есебiнен қалыптастыру (ұлғайту) тәртібі мен шарттарын анықтайды.

2. Қоғамдар мен Қордың жарғылық капиталдары мен активтерiн қалыптастыруға (ұлғайтуға) Қаражат бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң (бұдан әрi - Ауылшарминi) жазбаша өтiнiмдерi негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 832 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.

3. Қазақстан Республикасының Ауылшарминi Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп (бұдан әрi Комитет) Қоғамдардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру (ұлғайту) жөніндегі iс-шараларды заңнамада белгiленген тәртiппен жүргiзудi қамтамасыз етедi.

2. Қоғамдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға

бағытталған қаражатты пайдалану тәртібі

4. Қоғамдар жарғылық капиталдарын ұлғайту рәсiмдерiн жүзеге асырғаннан кейiн бөлiнген Қаражатты заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай мақсаттарға пайдаланады:

1) "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамы - бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетiлген аймақтарда жарғылық капиталына басқа азаматтық құқық субъектiлерiнiң қатысуға мүмкiндiгi бар әртүрлi ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалар ретiнде машина-технологиялық станциялар (сервис орталықтары) (бұдан әрi - МТС) құру үшiн және олардың қызметiн қаржыландыру (кредит беру) үшін.

Бұл ретте MTC Қаражаттың ауыл шаруашылығы техникасын, құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектердi, соның iшiнде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, ауыл шаруашылығы техникасын, қосалқы бөлшектердi, ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын жөндеу және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшiн және ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қолдауға бағытталған қызметтiң басқа да түрлерiн ұйымдастыру үшiн, сондай-ақ MTC-тың ағымдағы қаржы-шаруашылық қызметiн қамтамасыз ету үшiн лизинг негiзiнде сатып алуға пайдаланылуын қамтамасыз етедi;

2) "Мал өнiмдерi корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы барлық облыстарда және Алматы қаласында Қоғамның дайындау пункттерi мен өкiлдiктерiн ұйымдастыруға, мал сою жөніндегі технологиялық желi сатып алуға және орнатуға, сүт қабылдау және қайта өңдеу жөніндегі технологиялық желi сатып алуға және орнатуға, мал шаруашылығы өнiмiн қабылдауға, сақтауға және тасымалдауға арналған арнайы техника сатып алуға;

3) "Аграрлық кредит корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетiлген аймақтарда ауылдық кредит серiктестiктерiн құруға қатысу үшiн.

3. "Қазагромаркетинг" ашық акционерлік қоғамының

жарғылық капиталын қалыптастыруға бағытталған

қаражатты пайдалану тәртібі

5. Қоғам жарғылық капиталды қалыптастыру рәсiмдерiн жүзеге асырғаннан кейiн бөлiнген Қаражатты заңнамада белгiленген тәртiппен мыналар үшiн пайдаланады:

1) негiзгi құралдарды сатып алуға;

2) Қоғамның ауылдағы ақпараттық инфрақұрылымдарын енгізу және дамыту, соның iшiнде: ақпарат жинау және талдамалы өңдеу, мемлекеттік басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету, ауыл ауыл шаруашылығы өнiмi мен азық-түлiк рыногын зерттеу, аграрлық рынокқа қатысушыларға қорытындыланған маркетингтiк ақпарат беру, стратегиялық шешiмдер әзiрлеу үшiн аграрлық азық-түлiк рыногының жай-күйi туралы талдамалы материалдар беру жөнiндегі қызметін қамтамасыз ету;

3) ауыл шаруашылығы өнiмiн әлемдiк рынокта жайғастыру бойынша консалтингтік қызметтер көрсету.

4. Қордың жарғылық капиталы мен активтерiн (өтемақы қоры)

қалыптастыруға бағытталған қаражатты пайдалану тәртiбі

6. 706 "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" АҚ астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қорды құруға және оның жұмыс iстеуiн ұйымдастыруға қатысу үшiн Ауылшарминiне Қаражат бөлiнедi, соның iшiнде:

100 000 000 (бip жүз миллион) теңге мөлшерiнде жарғылық капиталды қалыптастыруға мемлекеттiң қатысуы үшiн;

300 000 000 (үш жүз миллион) теңге мөлшерiнде Қордың активтерiн (өтемақы қоры) қалыптастыруға.

7. Ауылшарминi Қор құру мақсатында:

1) облыстар әкiмдерiнiң ұсынымдары бойынша белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс Қордың әлеуеттi қатысушылары - астық қабылдау кәсiпорындарын алдын ала iрiктеудi қамтамасыз етедi;

2) әлеуеттi қатысушы - астық қабылдау кәсiпорындарымен олардың Қорға қатысуы туралы келiседi.

8. Қорға қатысушы астық қабылдау кәсiпорындары анықталғаннан кейiн Комитет iрiктеп алынған астық қабылдау кәсiпорындарының уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен құрылтай жиналысын өткiзедi, оның қарауына Қордың құрылтай шартының және жарғысының жобалары ұсынылады.

9. Комитет құрылтай жиналысын өткiзгеннен кейiн заңнамаға сәйкес осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген құжаттарға түпкiлiктi келiсу және қол қою қамтамасыз етiледi, сондай-ақ Қорды әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеу жүзеге асырылады.

10. Қордың жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесiне ақы төлеудi оған Комитет Қордың жарғылық капиталындағы мемлекеттің тиiстi үлесiне ақы төлеудiң қажеттiгi туралы хабарлағаннан кейiн Ауылшарминi қамтамасыз етедi.

11. Қор мемлекеттік тiркелгеннен кейiн Ауылшарминi өтем қорын қалыптастыру үшiн Қордың есептiк шотына қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражат аударуды жүзеге асырады.

5. Қаражаттың пайдаланылуын бақылау

12. Қазақстан Республикасының Ауылшарминi мен Қаржы министрлігі Қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.

Осы мақсатта Ауылшарминi қолданыстағы заңнамаға сәйкес МТС құрудың және оларды қаржыландырудың тәртібін анықтайды, сондай-ақ MTC-тың құрылтай құжаттарын келiседi.

13. Қоғамдар тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей бөлiнген Қаражаттың пайдаланылуы туралы Ауылшарминiне есеп бередi.

14. Қордың жарғылық капиталы мен активтерiн қалыптастыруға республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттың тиiмдi және мақсатты пайдаланылуын бағалау үшiн оларға ай сайын құрылғаннан кейiн бiр ай өткеннен кейiн бөлiнген Қаражаттың пайдаланылуы туралы Ауылшарминiне ақпарат бередi.










































































Укажите название закладки

Создать новую папку