Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1019 Жарлығы
Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1019 Жарлығы
Алматы қаласын одан әрi дамыту және оның елдiң мәдени, ғылыми, білім беру және қаржы орталығы ретіндегі тұғыр-шебiн орнықтыру мақсатында «Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы» 1998 жылғы 1 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiліп отырған Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзiм iшiнде Бағдарламаны iске асыру жөніндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын (I кезең) әзiрлеп, бекiтсiн.
3. Орталық және жергiліктi атқарушы органдар:
Бағдарламаны iске асыру жөнінде шаралар қолдансын;
Алматы қаласының әкіміне жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 20 қаңтарға және 20 шілдеге Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берiп отырсын.
4. Алматы қаласының әкімі жылына екi рет, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 1 ақпанға және 1 тамызға дейiн Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгі мен Қазақстан Республикасының Үкіметiне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы жиынтық талдау ақпаратын беретiн болсын.
5. Бағдарламаның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 жылғы 10 ақпандағы № 1019 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2003-2010 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарламаның паспорты
Атауы Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы
Демо – версия документа