Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2002 ж. 5 шілдедегі № 650 бұйрығы (күші жойылды)
Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы
Ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрінің 2002 ж. 5 шілдедегі № 650 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 11 мамырдағы № 302 Бұйрығымен күші жойылды
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
бірінші вице-министрі
2002 ж. 3 шілде
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 шiлдедегi № 389-1 Заңына сәйкес және "Республикада медициналық білім берудi одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi № 1469 қаулысын iске асыру мақсатында БҰЙЫPAMЫH:
1. Қоса берiлiп отырған жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы Ереже бекітілсiн.
2. Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының ректорлары, облыстардың және Астана, Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң) бастықтары осы бұйрыққа сәйкес белгiленген тәртiппен жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базаларын бекітіп беру, пайдалану және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Медициналық ғылым және білім департаментi (Хамзина H.Қ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi А.Айдархановқа жүктелсiн.
Министр |
|
| Досқалиев Ж.А. |
Денсаулық сақтау
министрінің
2002 жылғы 5 шілдедегі
№ 650 бұйрығымен
бекітілдi
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ
ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ БАЗАЛАРЫ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа