Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 8 қазандағы № 382 қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы2 маусымдағы № 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасыныңбанктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу жәнежабу тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістердi бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001жылғы 8 қазандағы № 382 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.31.08. № 207 Қаулысымен күші жойылды
Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына ағымдағы есепшоттар ашу тәртібін нақтылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылауды нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққаөзгерістер бекітілсiн және өзгерістер мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Заң департаментi (Шәрiпов С.Б.):
1) осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістердi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа