Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетілмеген меншікті мүлкінің кепіл, кепілдік (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің) тізілімін жүргізу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұжымы жасаған бірлескен қызмет туралы шарттарды тіркеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 121 қаулысы (2010.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепіл, кепілдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің) тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұжымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 121 қаулысы
(2010.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 5 Қаулысымен күші жойылды
«Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесi бекітілсiн, ол және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгiзілсiн.
2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа